№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бюджеттің ашықтығы сыбайластықты азайтады

Бюджеттің ашықтығы сыбайластықты азайтады


Бүгін «Антикор орталығында» облыстық білім басқармасына қарасты білім ошақтарының  қызметкерлеріне«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасына байланысты оқу семинары ұйымдастырылды.
Оқу семинардың мақсаты білім ошақтарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты тудыратын себеп салдарды азайту үшін «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасының жұмысын жандардыру болып отыр.
«Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасын жүргізуге асыруға облыс, қала және аудан әкімдіктерінен жауапты қызметкерлері бекітілді.
Бүгінгі күні, облыс бойынша 702 мекеме өз бюджеттерін енгізіп,
283,9 млрд. теңге көлемінде жариялаған.
Бұл жүйенің ерекшілігі, әр бір азамат аталған жүйе арқылы мекемелердің енгізген бюджетінің бөлінуі мен жұмсалуын бақылай алады.
Сонымен қатар, тұрғындар аталған жүйеге өзін толғандырып жүрген мәселе бойынша өз сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда, денсаулық сақтау мәселесіне байланысты 1 (бір) сауал келіп түскен, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен тиісті жауап берілді.
Бұған қоса, басқармаға қарасты білім ұйымдарына мемлекеттік сатып алу барасында сыбайлас жемқорлық тәукелдерін болдырмау туралы түсіндірмелер жүргізілді.
Семинар соңында білім басқармасымен қарасты білім ұйымдарына аталған бағытта тиісті жұмыстарды сапалы атқару жөнінде хаттамалық тапсырма берілді.
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1224 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс жасайтындығы, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін екендігі және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралатындығы ескертілді.
05 наурыз 2020 ж. 425 0