№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » "ЖЖЖ" облыстық фестивальде

"ЖЖЖ" облыстық фестивальде

Қызылорда қаласында облыстық "Жастар орталығы" ғимаратында еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру аясында "Volunteer Fest" атты облыстық жас еріктілер фестивалі өтті.

Фестивалдің мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша жарияланған "2020 жыл- Волонтерлер жылын" насихаттау, жаңа жобалармен танысу, ұсыныс-пікірлер жинақтау, ерікті жастардың қатарын көбейту болатын. Фестиваль аясында еріктілер тобы мен жастар ұйымдары "Үздік волонтерлік жобаларын" таныстыра отырып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, еріктілердің арасындағы топтық ауызбіршілікті нығайту, аудан және қала жастарының байланысын қалыптастыру мақсатында "TeamBuilding" сайысы өтті. Айта кететіні, осы фестивальда жаңақорғандық "Жаңарған Жаңақорған Жастары" қоғамдық қорының басшылары мен белсенді жастары  да қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Қор басшысы Еркінбек Айнақожаев "ЖЖЖ" қорының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақоытың  "Алғыс хатымен" марапатталды.
21 қазан 2019 ж. 1 024 0