Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қайырымдылық адам жанының нұры

Қайырымдылық адам жанының нұры

2020 жыл- Волонтерлар жылы. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрмені. Волонтерлік қызметтің аясы өте кең: әлеуметтік, спорттық, экологиялық, медициналық, тағысын тағы. Еріктілік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Ал жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке қадам басады.
Мәселен, Еуропада мықты шаштаразшы айына екі-үш мәрте өзінің бір күнін еріктілікке арнайды. Тегін шаш қысқартады. Орайы келгенде, статистиканы сөйлетіп жіберсек. Фран­ция­да халықтың 19 проценті ерік­тілікпен тұрақты түрде айналысады. Ал Германияда 34 пайызы айына 15 сағатын ерікті болуға арнайды. Ирландияда 33, АҚШ-та 27, Ресей халқының 8 пайызы еріктілікпен айналысады. Бірақ мұндай волонтерлік қызметті сонау Еуропадан іздемесекте болады.
Өйткені, жаңақорғандық, "ЖЖЖ" ерікті мүшесі Асылжан Нұрқожаев жыл басынан бері осымен екінші мәрте балалардың шашын тегін қысқартты. Әр айдың 1 еріктілікке арнайтын болып шешті. Күні кеше 28 жеткіншектің шашын тегін қысқартып, өзінің 1 күнін еріктілікке арнады. Ал "ЖЖЖ" ерікті жастары 28 баланы ұйымдастырып, шаштаразға алып барды.
Мұнан кейін "ЖЖЖ" қоғамдық қорының белсенді мүшесі Дәулет Тұрабаев ағамыз өзінің моншасын 1 күнге балаларға босатып берді. Шаш қысқартып болған соң, балалар басейнге түсіп, моншаға шомылды.
Атсалысқан барша ерікті жастарға Алла разы болсын. Балалардың ата-анасының өтінішіне сай, суреттер әлеуметтік желіге салынбады.
16 ақпан 2020 ж. 1 209 0