Құрылтай

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Адал жол» жобалық кеңсесі аясында отырыс өткізілді

«Адал жол» жобалық кеңсесі аясында отырыс өткізілді


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент),  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, темір жол саласына қатысты барлық мекеме басшылары яғни, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Қызылорда бөлімшесі» филиалының, Қызылорда Магистральдық желі бөлімшесінің директорлары, «Арлан-транс» ЖШС, «Номадас» ЖШС, «Марал-Нұр» ЖШС, «Қазтеміртранс» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» Қызылорда учаскесінің басшыларыныңжәне аудио селекторлық байланысы арқылы облыстағыбарлық темір жол бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен отырыс өткізілді.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, Қызылорда облыстық көлік прокуратурасының, облыстық кәсіпкерлік палатасы басшысының орынбасары қатысты.
Кездесу барысында,департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы айтты.
Іс-шара қорытындысымен қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
04 ақпан 2020 ж. 921 0