№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙ КЕШЕН

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙ КЕШЕН

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Жаңақорған ауданына сапарын "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолы бойындағы "Жан-Арай" ЖШС сервистік кешенімен танысудан бастады.
Жаңақорған ауданына "Жан-Арай" ЖШС инвестиция құйды. Яғни жеміс-жидек бақ­шасын дамытып, сервистік қызмет көрсету орталығын құрады. Серіктестіктің төрағасы Бақдәулет Мақашев алдымен облыс әкімі бастаған делегацияны алма бағына қажетті заманауи техникамен таныстырды.
Сәуір айынан 10 га жерге 20 мыңнан аса алма көшетін отырғызды. Қазір көшеттің 90 пайызы алды. Бақшаға тамшылатып суару тәсілін қолданады. Алманың жапырағына, тамырына, сабағына қажетті минералды тыңайтқыштар сумен бірге беріледі. Алдағы уақытта 30 га жерге жеміс-жидектің басқа түрлері қосылады. Өнімді сақтайтын арнайы қойма да салынады. Мұның бәрі нарықта жеміс-жидектің бағасы тұрақтануына әсер етеді.
– Кешеннің аумағы қандай?
– Жоспар бойынша кешен 5 мың текше метрді аумақты қамтиды. Онда 300 орындық мейрамхана, 150 орындық тамақтанатын орын, 32 нөмірлі қонақ үй, сауда және ойын сауық және медициналық қызмет көрсету орталығы орналасады. Сондай-ақ техника жөндеу ортылығы, май құю бекеті, көлік жуу орны, көлік тұрағы қызмет ететін болады. Алма бағы тағы бар. Қысқасы, Сыр өңіріндегі ең ірі сервистік кешеннің біріне айналады, – деді кәсіпкер.
– Қанша адам жұмыспен қамтылды?
– 10 адам баққа жауапты. Құрылысқа да жергілікті мамандарды тарттық.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыссыздықты барынша азайтуды тапсырды. Ауылдық жерлерде жұмыссыздар мүлде болмауы тиіс. Жерлестеріңіздің қаржылық сауаттылығын арттырып, кәсібін бастауға көмек көрсетіңіз. Үкімет көптеген мүмкіндік жасауда, халыққа соны түсіндіріп, аяққа тұруға үлес қосу керек.
– Айтқаныңыз орынды. Ауыл халқын жұ­мыспен қамтуға мән береміз. Кешен толық іске қосылғанда 30-40 адам тұрақты жұ­мыспен қамтылады.
Өңір басшысы Қуанышбек Досмайылұлы мен серіктестік төрағасы Бақдәулет Еркін­бекұлы пікір алмасып, алма бақты көрді, құры­лыс нысанын бағамдады.
Халықаралық жол бойындағы бірегей кешен туристік қозғалыстың дамуына оң әсер етеді. Яссауи кесенесіне, Оқшы ата мазарына, Көккесене мен Сығанақ, Сауран шаһарына арнайы келетіндер үшін жан-жақты жағдай жасалатын болады. Төменарық, Сүттіқұдық, Сунақата, Екпінді, Қожамберді ауылының тұрғындары Жаңақорған немесе Шиелі кентіне сабылмай-ақ қызықшылығын жақын жерде өткізе алады. Айналып келгенде, бұл тойшыл қауымның шығынын азайтады. Бәрінен бұрын, сервистік кешен жол бойындағы сәулетті орталыққа айналып, алыс-жақыннан келген қонақтарға сапалы қызмет көрсететін орын болады.
Жалпы «Жан-Арай» ЖШС Сыр өңіріндегі ірі ауылшаруашылық құрылым. Серіктестік Сырдария және Қармақшы аудандарындағы бірнеше шаруашылықтарды біріктіріп, ауқымды аймаққа күріш егеді. Аймақта алғашқы болып тәулігіне 80 тонна жем шығаратын зауытты іске қосты. Зауыт аумағында шикізатты, дайын өнімді сақтайтын қоймалар, автотаразы, арнайы зертхана, қаптау цехы мен диірмен орналасқан. Шикізатты серіктестік өзі егеді және жергілікті шаруа қожалықтарынан сатып алады. Қапталған күріш Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстанға экспортталады. Жемге деген сұраныс та жоғары. Қазір 30-дан астам фермерлік шаруашылықтармен және жеке кәсіпкерлермен ай сайын жем жеткізіп беру туралы келісім-шарт жасасқан. Агроиндустриалды кешенінің құрылысына облыс орталығындағы оңтүстік өндірістік аймақтан жер бөлінді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
03 тамыз 2019 ж. 895 0