№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақтың өлшем бірліктерін білесіз бе?

Қазақтың өлшем бірліктерін білесіз бе?



Ұзындық өлшемдері:
• Елі — Бір саусақтің көлденең ені (~2–2.5 см);

• Тұтам (Біртұтам) — жұдырықтың ені (~8–10 см);

• Сынық сүйем — бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы аралық (~13–15 см);

• Сүйем — көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық (~17–20 см);

• Білем — саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығындай мөлшер (~18–21 см);

• Кере қарыс — бас бармақ пен шанышақ аралығы (~19–20 см);

• Қарыс (Қарыс сүйем) — бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық (~20–22 см);

• Шынтақ — саусақтардың ұшы мен шынтақ аралығы (~44-51 см);

• Кез — саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі қашықтық (~70-80 см);

• Аршын — бір метрге жуық ұзындық (~90-100 см);

• Құлаш — иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы (~166см-170 см);

Материал Вкантакте әлеуметтік желісінен алынды.
03 ақпан 2020 ж. 1 587 0