Қазақтың жас атаулары
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте.
1 жастан 10 жасқа дейін – сәби.
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек.
1 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін.
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса.
6 жастан 7 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек.
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім.
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен.
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз.
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек.
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте.
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел.
60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже.
70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым.
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария.
90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір.
100 жастан жоғары – кейуана, баба.
Мүшел жас
1 - мүшел – 13 жас (ер жете бастау).
2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас).
3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау).
4 - мүшел – 49 жас (орта жас).
5- мүшел – 61 жас (орта жас).
6 - мүшел – 73 жас (қарттық).
7 - мүшел – 85 жас (кәрілік).
8 -мүшел – 97 жас (қалжырау).
9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю).
10 - мүшел – 121 жас (немене сүю).
Жас сипаты
10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған.
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған.
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған.
30 жас – орда бұзар.
40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар.
50 - ел ағасы, ердің жасы.
60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс.
70 жас – жетпістің белгісі.
80 жас – сексеннің сеңгірі.
10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған.
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған.
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған.
30 жас – орда бұзар.
40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар.
50 - ел ағасы, ердің жасы.
60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс.
70 жас – жетпістің белгісі.
80 жас – сексеннің сеңгірі.