№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚАЗАҚЫ ТАНЫМДАҒЫ ӨЛШЕМ НАҚ ӘРІ ДӘЛ БОЛҒАН. ОҒАН ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН?

ҚАЗАҚЫ ТАНЫМДАҒЫ ӨЛШЕМ НАҚ ӘРІ ДӘЛ БОЛҒАН. ОҒАН ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН?


Расында, қазақ халықының ұзындық, уақыт, көлем өлшемдерінде бір мін жоқ. Ғылыми тұрғыда зерттегендей. Әсіресе, күннің бағыт-бағдарымен дәл шығарғанына еріксіз таңқаласыз.

 
ҰЗЫНДЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ
 
Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық.
Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық.
Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.
Қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық.
Кере (жырта) қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық.
Қолдың қары – білек пен иін аралығы.
Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық.
Кез – 50 см.
Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы.
Кере құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының аралығы.
Сала (көш) құлаш – үш құлаш.
Адым, қадам – жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы
Аттам – адымның созылыңқы шегі.
 
УАҚЫТ ӨЛШЕМДЕРІ
 
Бір сәт, қас қағым – 1 секунд.
Сүт пісірім – 15-20 минут.
Бие сауым – 1,5 сағат.
Ет пісірім – 3-3,5 сағат.
Бір күн, бір түн – орта есеппен 12 сағаттан.
Бір тәулік – 24 сағат.
Бір апта, бір жеті – 7 тәулік.
Тоқсан – 3 ай.
 
КӨЛЕМ ӨЛШЕМДЕРІ
 
Құшақ – қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын.
Ұлтарақтай – адам табанының көлемі.
Тулақтай – мал терісінің көлемі.
Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей .
Бөлтек – бір бөлек, азғана жер.
Бір тана жер – гектардың алтыдан бір бөлігі.
Бір мойын жер – жарты гектар.
Бір айдам жер – бір гектар.
Көлдей – өте көлемді, кең.   
30 қыркүйек 2018 ж. 1 320 0