№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәрбиеші болу бір бақыт

Тәрбиеші болу бір бақыт


Бала – елдің болашағы. Балаға тәлімді тәрбие беруде ата-анасынан бөлек балабақшаның өзіндік орны орасан. Тәртіпке үйлескен тәрбиені жас бүлдіршін бойына сіңіруде ынта-жігерін аямай мектепке дейінгі жаңартылған білім беруде үнемі ізденіспен жұмыс жасап келе жатқан №1 «Кәмшат» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Әйгерім Әлжігітова жақында «Үздік балабақша тәрбиешісі» деген атақты еншіледі.


Ол бұл дәрежеге қалай жетті. Енді соған тоқталсақ. 2015 жылы Түркістан қаласындағы Қазақ-Түрік университетін тәмамдаған жас маман Жайылма ауылындағы №1 «Кәмшат» бөбекжай балабақшасына психолог болып жұмысқа қабылданады. Жұмыс жасай жүріп Шымкент қаласындағы «Аймақтық» әлеуметтік инновациялық университетін бітіріп, 2017 жылдан бері өзі туып өскен елді мекендегі балабақшаның «Құлыншақ» кіші тобының тәрбиешісі болып қызметін атқарып келеді. Тәжірибе жинау мақсатында Қызылорда қаласында жаңартылған мазмұн бойын­ша біліктілігін арттырады. Бірде Әйгерімге бөбекжай әдіскері Гүлнар Кашкинбаева «MARTEBE.KZ» порталы ұйымдастырғалы жатқан республикалық олимпиадаға қатысуды ұсынады.
Осылайша Тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған «Martebe.kz» республикалық білім порталы ұйымдастырған республикалық деңгей­дегі байқауда бағын сынап көрген ол мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында өткен ІV республикалық сайысында «Үздік балабақша тәрбиешісі» атанған кездегі қуанышымен бөлісті.
– Байқау биыл алғаш рет тест форматында өткізілді. Алғашқыда сәл толқыдым. Бірақ біліктілік арттыру курсынан түйгенімді дәлелдеу үшін қатысамын деген шешім қабылдадым. Екі кезеңнен тұрған бұл республикалық олимпиаданың ережесі биылдан бастап онлайн тест форматында өтті. Екі кезең бойынша 43 ұпай жинап сынақтан сүрінбей өттім. Бала тәрбиесін қалыптастыруда үнемі ізденістен тұратын біздің салаға осындай түрлі бағыттағы байқаулар керек-ақ,– дейді Әйгерім Еркінбекқызы.
Оның сөзінше, олимпиадаға Респуб­ликамыздың барлық өңірлерінен мек­теп­ке дейінгі ұйымдарда қызмет жасайтын тәрбиешілер қатысқан. Сынаманың бірінші кезеңі типтік бағдарлама мен жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты бойынша, ал екінші кезең білім беру әдістемесі бойынша берілген тапсырмалар деңгейінде өткен. Тест сұрақтары тәрбиешілердің білімін әр қырынан тексеруге мүмкіндік беріпті.
Қарамағындағы мамандардың жан-жақты ізденіс барысындағы еңбегін бөбекжай меңгерушісі Құндыз Сматова да бағалайды.
– Әрбір үйдің үкілеп отырған үмітін қоршаған ортаға бейімдеуде, оны азамат, тұлға етіп қалыптастыруда тәрбиешінің орны ерекше. Осында тәрбиеленіп жатқан 25 бала анасындай санайтын осы мейірімді жандарға қарап бой түзейді. Сондықтан олардың басты ұстанымы бала тәрбиелеу мақсатында педагогикалық білімін арттыру. Ал Әйгерім Еркінбекқызы жас болса да, биіктен көрініп, өзін білікті тәрбиеші ретінде дәлелдеп жүрген маман, – дейді бөбекжай басшысы.
Үлгілі тәрбиеші Әйгерімнің бір жұмыс күніне кез болғанымызда бала бағбанының ертегі кейіпкерлерін бала­ларға таныстырып, олармен кездесу өтізуді әдетке айналдырғанын көрдік. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ол бүлдіршін санасында қоғам туралы таным-түсінікті ғажайып етіп қалыптастыруда мұндай ертеңгіліктердің маңызды екенін айтты.
Егеменді еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбиеде білім беріп, саналы ұрпақ қалыптастыру мен тәрбиелеу Әйгерімдей тәрбиешілердің еншісінде екенін айтқымыз келеді.

Лаура АЙДАРХАН
21 қаңтар 2020 ж. 1 257 0