№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Атаулы әлеуметтік көмек қалай беріледі?

Атаулы әлеуметтік көмек қалай беріледі?


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәсілі енгізілді. Осыған байланысты тұрғындар арасында түніспеушіліктер орын алып, қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желіде АӘК төлеу шарттары қандай, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмектің қандай түрі көрсетіледі, мүдегек баласы бар отбасылар туралы қандай жоспар бар және т.б. сұрақтар төңірегінде түрлі пікірлер өріс алуда. Сондықтан аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбековті facebook-ке тікелей эфирге шақырып, әлеуметтік желінің белсенділерінің сұрағына жауап беруді ұсынды.

Мемлекеттік АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
АӘК тағайындауда көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесуге басымдыққа ие. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Дегенмен еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналасуға жәрдем береді.
Бұл мақсаттағы кешенді шаралар үш бағытты құрайды.
Біріншісі, көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көпбалалы, яғни төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған және 23 жасқа дейінгі студенті бар отбасыларға төленеді.
Екіншісі, аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандырылады. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процент деңгейінде қалады. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процент арасындағы айырма ретінде төленетін болады.
Үшіншісі, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ол үшін атаулы әлеуметтік көмек шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасы аясында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың еңбек әлеуеті ынталандырылады, олардың кірістерін арттырып, әлеуметтік жағдайларын жақсартатын кәсіпкерлікке тарту үшін мүмкіндік пен жағдай жасалады.
Енді АӘК алудағы өзгерістерге тоқталсақ.
Біріншіден, мерзімі өзгерді. Яғни бір жылға емес, әр тоқсан сайын тағайындалып, сарапталып отырады.
Екіншісі, есептелу тәсілінде өзгерістер бар. Отбасы мүшелеріндегі зейнетақылар, мүгедектікке тағайындалған жәрдемақылар, өтеусіз қайтарымсыз берілген кредиттер (6 айдан кейін табысқа қосылады), қосалқы шаруашылықтары, кәсіпкерлік табысы, көлік құралдары, мүгедек жандарды күтушілеріне төленетін жәрдемақылар, 4 баладан жоғары тағайындалған мемлекеттік жәрдемақы, магистратура мен докторантураның стипендиясы есептеледі.
Үшіншісі, отбасында жұмысқа жарамды бір азамат жұмыстан бас тартса, онда отбасыға АӘК тағайындалмайды. Көп балалы аналарға өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро кредит және қайтарымсыз гранттар беріледі. Сондай-ақ үйде бизнеске тарту құралдарын ендіру бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту, үстемақының номиналды жарнасын 4 процентке дейін төмендету, тұрып жатқан жеріне қарамастан (қала, ауыл) берілетін микрокредит соммасы бойынша шектеулерді алып тастау және т.б өзгерістер енгізілді.
Төртіншісі, былтыр жеті жасқа дейін бала күтімінде отыруға болса, биыл үш жасқа дейін қысқартылды.
Бесіншісі, әлеуметтік топтамаға өзгеріс енгізілді. Балаларға арналған әлеуметтік топтамаға 1-3 жас аралығындағы балаларға арналған тағамдар мен 7 түрлі гигиеналық құралдары, 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған 12 түрлі тағамдар мен гигиеналық құралдары, 6-18 жас аралығындағы оқушылар үшін ыстық тамақ, мектеп құралдары, киім-кешек, жол ақысы беріледі.
Facebook-те тікелей эфирге қосылған 30-ға тарта белсенді өзінің сұрақтарын қойып, нақты жауабын алды. Біз маңызды дегеніне тоқталуды жөн санадық.
Gauhar Kamal: – Алимент есептеле ме? Мен алып жатқан жоқпын.
Жаңабек Тұрлыбеков: – Есептеледі.
Аякөз Мырзаметова: – Мен жалғыз басты анамын. Алты баламның төртеуі мектепте, екеуі балабақшада. Бала тәрбиесі күрделі жұмыс. Біреуі сабаққа кетсе, екіншісі келеді, олардың сабағын қадағалау және т.б қолым босай бермейді. Маған АӘК беріле ме?
Жаңабек Тұрлыбеков: – Үйде шағын бизнеспен айналысу құралдары ұсынылады. Құжаттарды тапсырып көріңіз. Заңдылығына қарай жауап береміз.
Бибайша Өтеева: – Үйі жоқ, табыс көлемі аз атаулы көмекке ілінеді ме?
Жаңабек Тұрлыбеков: – Отбасына кіретін жиынтық табысты жан басына бөлу арқылы есептеп көреміз. Ал пәтер жалдап тұратындар учаскелік комиссияға жүгіне алады.
Мөлдір Исмайлова: – Бесарық ауылында құжаттарды қашан қабылдайды?
Жаңабек Тұрлыбеков: – Ауылдық округ әкімдігіне тапсырасыз. Оны жергілікті комиссияға ұсынады. 5 қаңтардан бастап құжат қабылдануда.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
11 қаңтар 2020 ж. 757 0