№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тиесілі?

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тиесілі?


Атаулы әлеуметтік көмек – айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекеттен берілетін ақшалай төлем.

Ол шартты және шартсыз түрде облыс, республикалық маңызы бар қала және елорда тұрғындарына беріледі. Оны қалай алуға болады? Бұл туралы Электрон үкімет порталының мәліметін ұсынамыз.

Шартты және шартсыз ақшалай көмек кімдерге беріледі?

Шартсыз ақшалай көмек төмендегі екі тармақ бойынша тағайындалады.
1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептермен беріледі:
зейнеткерлік жасқа жеткен кезде;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі екі айдан асса;
2) Отбасыда еңбекке жарамды барлық мүшесі І немесе ІІ топтағы мүгедектер болса және (немесе) олардың ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі екі айдан асса және (немесе) аз қамтылған отбасында мынадай санаттағы адамдарға күтім жасалатын болса:
жеті жасқа дейінгі бала;
мүгедек бала;
І немесе ІІ топтағы мүгедек;
қарттар;
бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж жан.
Жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сонымен бірге құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның (олардың) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімделу қажет болған жағдайда шартты ақшалай көмек беріледі.  

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалады?


Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:
ҚР азаматтары;
оралмандар;
босқындар;
шетелдіктер;
ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.
Кедейлік шегі - бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыс көрсеткіші. Ол атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленеді.  

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге берілмейді?

ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес мына санаттардағы адамдарға атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы жоқ:
- облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен асатын тұлғалар (отбасылар);
- кәмелет жасына толмаған балаларды, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, кәмелет жасқа толған соң оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін ғана), балаларды қоспағанда еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысудан бас тартқан отбасылар;
- атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған ақпарат және дәйексіз (жасанды) құжаттар ұсынған тұлғаларға (отбасыларға).

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қандай?


ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы бойынша уәкілетті орган есептейді.
Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі.
Бұл көмектің мөлшерін өзгертуге негіз болатын себептер болса, өтініш беруші 10 жұмыс күнінің ішінде ол туралы уәкілетті органға хабарлауы керек.

Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сонымен бірге жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрі қосылады. Әкімдік өңір ерекшеліктеріне байланысты үй малы не құсы, жер учаскесі кіріс бермейді деп анықтауға құқылы.
Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыған байланысты қойылатын 10 сұрақ пен олардың жауаптарын келтірді.

ДЕРЕККӨЗ: 24.kz сайтынан.


22 шілде 2019 ж. 1 248 0