№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Атаулы әлеуметтік көмек – айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекеттен берілетін ақшалай төлем. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіп бойынша төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек төмендегі екі тармақ бойынша тағайындалады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептермен беріледі:
Зейнеткерлік жасқа жеткен кезде;
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
Ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі екі айдан асса.
Отбасыда еңбекке жарамды барлық мүшесі І немесе ІІ топтағы мүгедектер болса және (немесе) олардың ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі екі айдан асса және (немесе) аз қамтылған отбасында мынадай санаттағы адамдарға күтім жасалатын болса:
Жеті жасқа дейінгі бала;
Мүгедек бала;
І немесе ІІ топтағы мүгедек;
Қарттар;
Бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жан.
Жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сонымен бірге құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның (олардың) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімделу қажет болған жағдайда шартты ақшалай көмек беріледі.
22 ақпан 2019 ж. 2 132 1

Лаззат от 15 наурыз 2019 03:01
Мен 2топтагы жалгызбасты мугедек анамын. Улым 23те студент. Кызым 14те. Мен алеуметтик комек немесе 21мын тенге жардемакы ала аламынба