» » "Жылдың үздік кәсіпкері"

"Жылдың үздік кәсіпкері"


Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аудару қажеттігін айтуда. Оған қоса, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікпен айналысамын деген ынталы азаматтарға көптеген қолдау көрсетілуде. Яғни, бағдарламалар арқылы қаржылай қолдау мен тегін кеңес беріліп, кәсіп ашамын деген ниетті жандар жұмысын жандандыруда.
Қазіргі таңда ауданда кәсіпкерлік бағытта жаңа буын қалыптасып, сауда-саттықтың өзіндік жолын тапты. Бұл бағытта «ЕрНұрБек» ЖШС-нің директоры Нұрболат Аширов ел игілігіне қызмет етуде. Ауданға танымал «Ақ жол» сауда орталықтары желісінің жетекшісі жаңа жыл қарсаңында жаңақорғандық жұртшылықты тағы бір қуантты. Күні кеше орталық базар маңынан әмбебап қос қабатты ғимаратта орналасқан «Ақ жол» маркетін пайдалануға берді. Жаңа орталықта: сантехникадан бастап, есік-терезе, ыдыс-аяқ, төсеніш жабдықтарына дейін бар. Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға қолжетімді сауда орталығын ашқан Нұрболат Ашировқа 2019 жыл табысты жыл болды. Талай мәрте марапат биігінен көрінді. Екінші деңгейлі банктер тарапынан үздік әріптестік орнатқаны үшін бірнеше алғыс хаттарға ие болған. Бұдан бөлек, қайырымдылық бағытта тұрмысы тұралаған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды тұрақты түрде демеп отырады. Сондықтанда аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі жылдың ең үздік кәсіпкері ретінде Нұрболат Ашировты лайықты деп таныды.
31 желтоқсан 2019 ж. 699 0