№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ


Қоғамда талқыға түскен көп балалы аналардың мәселесіне қатысты түрлі заңнамалар қайта жаңартылуда. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым «Жаңақорған Шипажай» АҚ-да болып, мекеме қызметкерлерімен кездесті. Әрі, ұжымдық шарт бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Шипажайдың басқарма төрағасы Бақытжан Абдуллаев модераторлық еткен жиында әлеуметтік қолдау шаралары жайлы білдік. Бұл жөнінде Федерация төрағасы Бақытжан Жарылқасынұлы тарқата айтты.
– Қашанда ана мен бала денсаулығы кез-келген қоғамда бірінші орында тұруы керек. Себебі, елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Олардың әлеуметтік өмір сүруі деңгейін арттыру да басты міндеттің бірі. Сондықтан, қай саланың қызметінде жүрсін көп балалы аналарға жеңілдіктер қарастыруға тиістіміз. Осы мақсатта ірі-ірі мекемелермен ұжымдық шартты жаңалаудамыз, – деді ол.
Енді, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесінің ұжымдық шарты бойынша әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құнды құжатқа назар аударайық. «Жаңақорған Шипажай» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Аманкелдіұлы мен қызметкерлер өкілі кәсіподақ комитетінің төрағасы Серік Алпысбайұлы өзара келісімге келді. Тараптар ҚР Еңбек Кодексінің 156 бабы 8-тармағын және 157 бабы 2-тармағы 17 тармақшасын басшылыққа алып, ұжымдық шарттың 3 тармағына өзгертулер енгізді.
Бірінші, жұмыс беруші көп балалы аналарға және жалғыз басты аналарға жыл сайын Кәсіподақтар күніне орай жалақының ең төменгі мөлшерінің екі еселенген көлемін төлеуге келісті. Яғни, неке және отбасы туралы Кодексне сәйкес бұл тізімге төрт және одан да көп баласы бар отбасылар енетін болды.
Екіншіден, жұмыс беруші аналардың әр туылған баласына елдегі ең төмен жалақы мөлшері көлемінде төлеу керектігі ұсынылды. Айта кетейік, бұл тізімге мекемеде жұмыс жасап жүрген азаматтар да қамтылатын болады. Үшінші, ұжымдық шарттың тармақтарында көрсетілген төлемдер 3 жұмыс күні ішінде төленуге тиіс, бұл тек мекемеге еңбек шарт негізінде қабылданған қызметкерлерге ғана қатысты.
Жиын барысында Басқарма төрағасының кеңесшісі Аманкелді Абдуллаев, аудан әкімінің әйелдер ісі, отбасы және гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Азия Қыстаубаева және Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің салалық кәсіподағы төрағасы Мирболат Жақыпов ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында Аманкелді Мүбаракұлына кәсіподақ федерациясы төрағасы құрылғанына 114 жыл болған әлемдік федерациялардың тарихы жазылған жаңа кітапты сыйға тартты.
Өз кезегінде, жиынға қатысқандар жұмысшыларға жайлы жағдай жасап, әлеуметтік тұрғыда қолдайтын басшыларға алғысын айтып, қонақтарға жылы лебізін білдірді.
– Менің осы құтты мекенде қызмет етіп жатқаныма 30 жылдан асты. Ыстығы мен суығына, қуанышы мен қайғысын бірге көріп келеміз. Шүкір, ең біріншіден басшымызға, одан кейін жиынға ұйытқы болып отырған сіздерге алғысымыз шексіз. Осындай қамқорлық жасалса әрине ел демографиясы өсетін болады. Балалар жәутеңдеп өспейтін болады. Сондықтан, бұл игі бастамаға аналар болып қуанып жатырмыз, – деді көп балалы ана Күлсара Нұртазаева.
Бүгінде мекемеде жыл сайын келетін 14 000-ға жуық ем қабылдаушыға 218 маман қызмет етеді. Соның 117-і нәзік жандылар болса, оның ішінде, көп балалы аналардың саны 50-ден асады.
Түйіндей айтқанда, батпағы ем, қызметі сапалы мекемеде еңбек етіп, нәпақасын тауып жүрген көп балалы аналар енді жаңа ұжымдық шарт бойынша әрбір дүниеге әкелген нәрестелеріне қосымша жеңілдік алатын болады.
Жасұлан Сейдеметов 
20 ақпан 2019 ж. 1 454 0