РОБОТТАР ҚАҚТЫҒЫСЫ
Кеше аудандық тәрбие орталығының директоры Әлімжан Ержанов телефон соғып: "Роботтардың қақтығысын көргіңіз келсе сағат 10.00-де "Ордакент" орталығына келерсіз" деген еді.
Келіскендей таңертең айтылған жерге бардым. Ығы-жығы адам. Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар араласып бір-бір роботқа жанкүйер болып тұр.– Әттең, бағдарламасын дұрыс бермепті.
– Жоқ-а, бәрі дұрыс. Тек салмағы аздау екен.
– Міне, осылай. Төңкер-төңкер.
– Қап сәттілік жетіспеді.
Осы іспеттес пікірді қолдағандардың дауысы әр жерден естіледі.
Сөйтсем, бағдарламаланған роботтар шеңбердің ішінде бір-бірін итеріп, сыртқа шығаруы тиіс. Дәл суммо секілді.
Бұл сайыста 125 мектептің 8 сынып оқушысы Мейіржан Нұрдәулетұлының "Тайсон" атты роботы дара шықты.
Тәрбие орталығында тәлім алатын оқушы роботын сайысқа әбден дайындапты.
Жалпы тұңғыш рет өткізілген аудандық роботтехника чемпионатына 12 мектептен 50-ден аса оқушы келді.
Айта кететіні, Жаңақорған ауданындағы 15 мектепте роботтехника сыныбы ашылды. Бүгінде тағы 15 мектепте жасақталуда екен.
МАҚАЛАНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН "ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫНЫҢ АЛДАҒЫ НӨМІРІНЕН ОҚИ АЛАСЫЗДАР.