Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » КӨГЕРШІН ТІЛЕК – ӘЛЕМГЕ ТІРЕК

КӨГЕРШІН ТІЛЕК – ӘЛЕМГЕ ТІРЕК

24-26 наурыз күндері Тараз қаласында «Балауса жұлдыздары» орталығының ұйымдастыруымен ІІ-Халықарылық «Жас толқын» өнер байқауы өтті.
   Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай республикасынан көптеген өнерпаздар қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты кіші, орта, жоғары топ болып бақ сынады. Өнер жанрлары: ән-вокал, би, көркем сөз, ансамбльдер, аспапта ойнау жанрлары бойынша сайысқа түсті.
   Өз ауданымыздан «Әлшекей» атындағы өнер мектебінен «Аққу» бишілер тобы (жетекшісі Ибадуллаева Гүлнар) «Толғау» және «Қуыршақтар» биін орындап, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
   Осы өнер мектебінің «Вокал» сыныбынан қатысқан «Талант» тобы ІІ-орын алды.. «Талант» вокалдық тобы Е.Дюгоның «Туған жер» және Шәрбану Жиенбаеваның «Туған жерім – жүрегімде» әнін үш дауыста орындады.
   Жамур Дінмұхамед қазақтың халық әні «Жеті арал жерім-ай» әнін, Қуандық Рахымның «Мен қазақпынды» әнін орындап, жүлделі ІІ-орын алса, жеке дауыста Таспулатов Азизбек қазақтың халық әні «Дайдидауды» орындап І орынды еншіледі.
   Талапкерлеріміздің барлығы Дипломдармен және медальдармен және жұлдызды сувенирмен марапатталды.


Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
21 сәуір 2019 ж. 862 0