№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сала басшысы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

Сала басшысы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды


Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тәуелсіздік күні мерекесінде елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың ішінде жаңақорғандықтар да бар. «Құрмет» ордені кәсіпкер, меценат Әбдіхан Шайықовтың мерейін асырса, «Ерен еңбегі үшін» медалін Есдәулет Сейілов кеудесіне тақты.


Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек сіңіріп жатқан азаматты қалай дәріптеп, мадақтаса да жарасады. Сондай құрметке лайықтының бірі – Есдеулет Сейілов. Оның «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуы Жаңа­қорған ауданының мемлекеттік қызмет саласына берілген шынайы бағасы деп білеміз. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – ел дамуының маңызды көр­сеткіші. Осы салада Есағаңның еңбегі елеулі.
1981 жылы «Қазсельхозтехника» бір­лестігінде инженер болып еңбек жолын бастайды. Кеңестік кезеңде түрлі салада жауапты қызметтер атқа­рады. Аудандық кеңестің депутаты болды. 1999 жылы аудандық ауыл­шаруашылығы бөлімінің басшысы ретін­де іскерлік қарым-қабілетін көр­­сетті. 2002-2007 жылы «БСК-Астық» ЖШС директоры, 2007-2011 жылы аудандық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы, 2011-2012 жылы «Бесарық» шаруа қожалығының төрағасы, 2012-2015 жылы Жаңақорған кентінің әкімі қызметін абыройлы атқарды. 2015 жылдан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
Есдәулет Мырзадәулетұлы Жаңа­қорған кентін басқарған жылдары өнімді еңбек етіп, газдандыру, көшелерді асфальттау және т.б жұмыстарда көрінді. Халық арасында беделінің өсуі­не әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мәселесіне мән беріп, олардың жұмыспен қамтылуына ықпал етуі әсер етті. Оның мемлекеттік қызмет саласындағы бай тәжірибесі бөлім жұмысында көрінді. Бүгінде маңызды саланы басқарып, тұрғындардың жайлы тұрмысына негіз қалап отыр.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
19 желтоқсан 2019 ж. 961 0