Әкім тұрғындарды қабылдады
Жақында аудан әкімі Сұлтан Мақашов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Өз кезегінде аудан басшысы ел экономикасында айрықша орын алатын, мемлекет басты назарда ұстайтын саланың бірі – әлеуметтік сала болып табылатынын тілге тиек етті. Әрі Мемлекет басшысы әрдайым осы әлеуметтік саланы қолдау мен халықтың әлжуаз топтарына көрсетілген мемлекеттік көмекке баса мән беріп келе жатқанын жеткізді. Қоғамдық қабылдауда болған тұрғынның бірі Жаңақорған кенті, Алтынсарин көшесі №41/15 үй тұрғыны жалғызбасты ана Ұлтуар Аманбаева. Ол екі ұлынан айырылып, бүгінгі күнде жалғыздықтың күйін кешуде. Кент тұрғыны әкімге үйіне жылу жүйесі және азық-түлік қажет екенін мәселе етіп көтерді. Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы Ұлтуар апамызды өз қамқорлығына алатынын және алдағы уақытта әрбір мекеме, бөлім басшылары осы сияқты әлжуаз отбасыларға қайырымдылық жасап, біржолғы көмек көрсетуге шақырды.
Айта кету керек, бет қатталып жатқанда жақын күндері Ұлтуар Аманбаева анамыздың шаңырағына газ пеші мен газ жүйесі орнатылатыны белгілі болды.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.