Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Австрия мұнайдың 30 процентін Қазақстаннан сатып алады

Австрия мұнайдың 30 процентін Қазақстаннан сатып алады


«Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанның жаһандағы дамыған 30 елдің қатарына кіруі. Бәсекеге қабілетті ел болып, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде қуатты мемлекетке айналу. Ал, енді біз айтып, жазып жүрген әлемдегі дамыған озық отыз елдің кезекті мемлекеті – Австрия. Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті елдер тізімінде 19-орында.


Бұл ел Еуроодақтың халық шаруа­шылығының барлық саласы бойынша көшбасшы. Австриялық экономика жал­пы еуропалық үлеске ие. Оған қоса, ақпараттық технологияларды, электронды өнеркәсіпті, робототехниканы дамытуда көш бастап тұр. Мұнда елдің ЖІӨ-нің 60 проценттен астамы орта бизнеске тиесілі. Бүгінгі таңда Австрия бизнес жүргізу үшін таптырмайтын ел. Бизнес те адал еңбек арқылы ақша табуды қалайтындар үшін тамаша мүмкіндік болып табылады. Ірі ішкі нарық, транспарентті құқықтық жүйе, мемлекеттік қолдау және шағын бизнесті насихаттау арқылы кәсіпкерліктің көк­жиегін кеңейткен. Бір сөзбен айт­қанда, Венаның бизнес агенттігі сізді табалдырықтан күтіп алады. Егер ұсынған стартап жобаңыз көңілден шықса, сізге барлық тұрғыдан мемлекеттік қолдау көрсетеді. Тіпті, балаңызды мектепке не балабақшаға орналастыру мәселесін шешіп беруге дайын.Ең бастысы – бизнесіңізді алаңдамай істесеңіз болғаны. Мұндағы шағын бизнес – жаңа жұмыс орындары мен инновацияның негізгі көзі ретінде бағаланады. Жұмыс орындарының 55 пайызы шағын және орта бизнесте қызмет етеді. Ал тауарлар мен қызметтердің төрттен бірін экспортқа шығарады. Біріншіден, бизнесті тіркеудің жүйесі жеңіл. Банк несиелері бойынша пайыздар аз. Салықтар ағымдағы шығындары бар айналымнан емес, пайдадан төленеді. Ондағы мақсат – адам өзіне табыс әкелетін іспен айналысып, аяғынын тік тұруы тиіс. Содан кейін ғана оған салық салады. Не десекте бұл ел – стартап бизнес-идеялардың туған отаны. Кіші кәсіп үшін танымал брендті бизнестердің генераторы. Статистикалық мәліметке жүгінсек, әрбір үшінші австриялық отбасының жеке кәсібі бар.
Сондай-ақ Австрияда ауылшаруашылығы мен туризм, машина жасау, қара түсті металлургия өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі қарқынды дамыған. Оған қоса, кен мен металл өндіру елдің қажеттілігінен бірнеше есе артық болғандықтан оларды бүкіл әлем бойынша экспорттайды. Бұл елдің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы тек Еуроодақтың ғана емес, Азия мен Латын Америкасының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бай табиғи ресурстардың арқасында Австрия өзінің өндіруші өнеркәсібімен танымал. Өнеркәсіптік жабдықтың негізгі өндірушілері мемлекет астанасы – Венада орналасқан.
Қазақстан-Австрия қарым-қатынасы – ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша мол әлеуетке ие. Екі елдің достық қарым-қатынасының ширек ғасырдан асқаны да осының бір айғағы. Жалпы Австрия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған еуропалық мемлекеттердің бірі. Жиырма жеті жылдан бері екі ел арасында тұрақты қарым-қатынас орнады.
Негізі Австрия Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің қатарына кіреді. Өз кезегінде Қазақстан ТМД арасында Ресейден кейінгі Австрияның екінші сауда әріптесі болып табылады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 196,3 млн.АҚШ долларын құраған. Оның ішінде, экспорт 3,5 млн.доллар, ал импорт 156,754 млн. АҚШ доллары. Қазақстаннан баратын экспорттың негізі түрлері; мұнай, металдар, балық және өсімдік майлы дақылдар болып табылады. Ал Австриядан келген импорттың негізгі бөлігі дәрі-дәрмек, машиналар мен жабдықтар, химиялық заттар, азық-түлік өнімдері. Алдағы уақытта Австрия Үкіметі Қазақстанда энергетика, тау-кен өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, көлік және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы саласы бойынша көпжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында инвестиция құймақ.
Қазіргі таңда біздің елде австриялық капиталдың қатысуымен 70 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында «Vamed» компаниялар тобы, Еуропада ірі банк саналатын «Raiffeisen», «Bank Austria» банктері, «Frist Alpina» құрыш концерні және тағы көптеген компаниялар біздің нарықта бар. Энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Елімізде австриялық «OMV» энергетикалық концерні жұмыс істейді. Ол Еуропадағы жетекші мұнай-газ кәсіпорнының бірі саналады. Бұл компания Маңғыстау облысындағы «Қолтық» мұнай кенішін игеруге инвестиция құйған. Бүгінде Австрия сатып алатын мұнайдың 30 проценті Қазақстанның үлесіне тиеді. Оған қоса, Австрия біз үшін көмірсутектің сенімді сатып алушысы ғана емес, сонымен бірге энергияның баламалы технологияларын жасау және енгізу бойынша әлеуетті әріптес. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан мен Австрия қарым-қатынасының сауда экономикалық көрсеткіші жыл санап артып келеді.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
11 желтоқсан 2019 ж. 436 0