№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті

Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті

Қазақстандағы жаңалықтар легінде полицияның дропперлерді немесе дроптарды – жастарды, жасөспірімдерді ұстағаны туралы хабарламалар жиілеп барады. Алаяқтар бұл делдалдарды олар арқылы немесе олардың шоттары арқылы алданған азаматтардан алынған ақшаны аудару үшін пайдаланады. Кейде дроппер тіпті өзінің қылмысқа қатысушы екенін де білмей қалады.
Бұл тақырып ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «OYLA» журналымен бірге жүзеге асыратын балаларға арналған қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы жобасында толығырақ ашылған.
«OYLA» ғылыми-көпшілік журналының қараша айындағы санында жарияланған материалда сіз алаяқтардың дропперлерді қалай тауып, жалдайтынын және зиянкестердің тұзағына түспеу үшін не істеу керектігін үйренесіз. Бұл ақпарат балаларға ғана емес, ересектерге де маңызды!
Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі түсті иллюстрациялар, коллаждар –мұның бәрі жас оқырмандарға өздерін және жақындарын қаржылық алаяқтықтан қорғауға көмектеседі.
Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Fingramota.kz «OYLA» ғылыми-көпшілік журналымен ынтымақтастықты жандандырғанын еске саламыз. Балаларға арналған қосымшалар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады. 
Онда сіз қаржылық көрсетілетін қызметтердің алуан түрлілігі және олардың ерекшеліктері, арманға қалай дұрыс ақша жинау керек, мобильді қосымшалар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер қандай қауіп төндіретіні, төлем карточкасын қалай дұрыс пайдалану керектігі және тағы басқалар туралы білесіз. Өткізіп алмаңыз!
fingramota.kz
13 қараша 2024 ж. 129 0