№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік корпорация цифрлық трансформация жолында

Мемлекеттік корпорация цифрлық трансформация жолында

   2024 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 11 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. ХҚКО өз-өзіне қызмет көрсету бөлімінде 5 миллионнан астам қызмет алынған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетілімділігі мен сапасын арттыру стратегиясы аясында Мемлекеттік корпорация цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу арқылы құжаттарды алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдетуде.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға және жақсартуға арналған цифрлық жобалар кешенін жүзеге асыруда. Мемлекеттік корпорацияның маңызды жобаларының біріне өткен жылы жүзеге асырылған құжаттандыру терминалы кіреді. Оның көмегімен Қазақстан тұрғындары төлқұжат пен жеке куәлікті алуға өтінішті 5 минут ішінде бере алады. Жыл басынан бері аталған қызмет түрін 50000 астам азамат қолданып үлгерген: Астана – 37585, Алматы – 12476, Көкшетау – 540.
Одан бөлек Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті қашықтан алуға мүмкіндік беретін «ХҚКО» мобильді қосымшасын белсенді дамытуда. Бүгінгі таңда 79 түрлі қызмет қолжетімді, оның көмегімен 132 890 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 400 181 рет ХҚКО операторлары бейнеқоңырау арқылы қоңырау шалған.
«Цифрландыру мемлекеттік қызметтің халыққа тез әрі қолжетімді болуына көмектеседі. Бүгінгі таңда көптеген процедуралар, соның ішінде төлқұжатқа өтініш беру бірнеше минутты алады. Біз қызметтерімізді одан әрі жаңартып, азаматтардың үмітін ақтайтын IT шешімдерді енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, Мемлекеттік корпорацияның негізгі цифрлық шешімдерінің қатарына кіреді:
 - Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (БМЖМК). Енді жер актісі мен техпаспорт бірыңғай кадастрлық паспортқа біріктіріліп, құжаттарды қарау уақыты бір жылдан 30 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, құжаттарды өңдеу кезеңдеріне онлайн-мониторинг жүргізу мүмкіндігі енгізілді;
- Азаматтардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, өзгерту және тоқтату туралы хабарламаларды жіберуге арналған сервис әзірленді. Жыл басынан бері 5,7 миллионнан астам хабарлама жіберілді.
 - Цифрландыру аясында Мемлекеттік корпорация әлеуметтік қорғау және еңбек саласындағы қызметтерді автоматтандыру бойынша жобаларды іске қосты;
- тағы да өзге де шешімдер.
Айта кетейік, Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген уақытта және кез келген жерде қажетті қызметтерді ала алатындай цифрлық жобаларды дамыту – Мемлекеттік корпорацияның жоспарында.
13 қараша 2024 ж. 125 0