Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » МӘМС аясындағы кардиологиялық оңалту

МӘМС аясындағы кардиологиялық оңалту


Инфаркт пен кардиохирургиялық отадан кейінгі оңалту ауыр асқынулардың қаупін азайтады. Қалпына келтіру емі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында, Арал ауданының тұрғындарына да, қолжетімді.
Арал көпбейінді ауданаралық орталық ауруханасының кардиология бөлімшесінде 45 науқас емделуде. Оның ішінде 62 жастағы Райкүл Бақбергенова да бар. Пациентке ағымдағы жылдың мамыр айында, көпбейінді облыстық ауруханада, ашық жүрекке ота жасалған. Айта кетейік, жыл басынан бері облыстық ауруханада 79 науқасқа аортокоронарлы шунттау отасы жасалған. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 266 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
«Қазір мен өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін, ентігу жоқ. Дәрігерлердің болжамдары жақсы. Туған жерім Аралда білікті оңалту емін ала алатыныма қуаныштымын. Барлық медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер тегін. Айта кетейін, жұмыс істеген кезімде де, енді зейнеткерлікке шыққанда да МӘМС аясында медициналық қызметтер әрдайым қол жетімді», – дейді Райкүл апа.
Жүрек ауруымен есепте тұрған пациенттерге дәрігерлер жылына 2 рет тексеруден өтуге кеңес береді, ал инфаркт немесе кардиохирургиялық отаға ұшырағандарға оңалтуды ұсынады. Бұл қызметтердің барлығы МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған азаматтарға қолжетімді.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халықтың денсаулығын жақсартуға елеулі үлес қосуда. Мысалы, артериялық гипертензиямен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен және басқа да кардиологиялық сырқаттармен есепте тұратын пациенттерге тегін дәрілік препараттардың тізімі кеңейтілді. Мәселен, 2017 жылмен салыстырғанда гипертонияға қарсы дәрі-дәрмектер 6 есеге көбейді», - деп атап өтті дәрігер - кардиолог Әлия Мырзабаева.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандарының айтуынша, жыл басынан бері жүрек ауруына шалдыққан 1 129 пациент медициналық оңалту қызметін алған. Бұл мақсаттарға ӘМСҚ-нан 312,4 млн. теңге қаржы бөлінген.
14 қараша 2024 ж. 46 0