Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Құттықожалық қайсар қыздың концерті

Құттықожалық қайсар қыздың концерті


Жақында аудандық мәдениет үйінде халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай құттықожалық қайсар қыз Ақнұр Сматованың «Өмірін өнермен өрнектеген» атты қайырымдылық концерті өтті. Мәдениет қызметкері Кенже Әкімбаева жүргізген шара шағын сахналық қойылыммен басталды.


Төрт-бес жылғы үзілістен кейін, қайта сахнамен қауышқан Ақнұрдың бұл жолы қоларбасыз шыққанына жұртшылық қуанышын жасыра алмады. Ақнұрдың бұған дейін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы қолдауымен ауыл-ауылды аралап, «Еркелетші елім» атты концерттік бағдарламасын ұсынғаны ел есінде. Енді міне, араға үш-төрт жыл салып, ем қабылдап халқымен қайта сахна төрінде қауышты. «Сыр ана» әнімен сахна шымылдығын ашқан Ақнұр Сматованың қайсарлығына жиылған қауым зор қошемет көрсетті. Елдің атынан ыстық ықыласын жеткізген «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев:
– Біріншіден, Тәуелсіздік күні қар­саңында өткізіп жатқан Ақнұрдың қайы­рымдылық концертіне алғыс айта­мыз. Оның эстрадалық әндерді нақы­шына келтіре орындайтынын ел жақсы біледі. Өмір жолымен де жақсы таныс. Қиындыққа мойымас, келешекке сер­піліс жасаған құттықожалық қыздың қайсарлығы оның замандастарына үлгі боларлық қасиет. Алдына қойған мақ­сатына жетіп, аяққа тік тұрды. Бұл әуелі Алла, барша жұртшылықтың тілеуі еді. Шығармашылық шабыты асқақтай берсін!, – дей келе, Мәжит Балқожаев Ақнұрға «Алғыс хат» пен сый-сияпатын ұсынды.
Мұнан кейін кеш жүргізушісі Кенже Әкімбаева Ақнұрға отбасы және шығармашылығы, өмір жайлы сұрақтар қойып, ел біле бермейтін қырын ашты. Сұрақ-жауап барысында белгілі болғандай, Ақнұрдың отбасында өнерге құмар жандар көп екен. Әнші апасы Сәуле Алматыда тұрады, сіңлісі Әзия Сматова аудандық мәдениет үйінде қобызшы екен. Бүгінгі кеште ол Әзия екеуі «Думан-ай» әнін көрерменге тарту етті.
Одан әрі жас әнші барша аналар қауымына арнап «Анамның қадірі», «Сүйіктім», «Арманым-ай», «Елім-ай» әндерін орындап берді. Ән кешінде Ақнұрдың достары да әннен шашу шашты. Іңкәр Әлиасқар, Жасдәурен Сабырханов, Айдарбек Молдабек сынды жергілікті танымал әншілер сахна төрінен табылды.
Концерттік шара соңында әлеуметтік қызметкерлер мен ата-анасы, туған-туысы Ақнұрдың құшағын қызыл гүлге толтырып, ыстық ықыластарын білдірді.

Әбдісамат ӘБДІШ
10 желтоқсан 2019 ж. 587 0