Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » ҚҰЛШЫНЫСЫ МЕН АЛҒА ҰМТЫЛЫСЫ ЗОР АҚНҰР

ҚҰЛШЫНЫСЫ МЕН АЛҒА ҰМТЫЛЫСЫ ЗОР АҚНҰР

 Осыдан 4-5 жыл бұрын құттықожалық Ақнұр Сматованың арманы асқақ болатын. Қоларбасын тастап, аяғынан тік тұрып, ел алдында өз өнерін паш етуді мақсат етті. Шүкір, күні кеше аудандық мәдениет үйінде жеке шығармашылық концертін берді.
Сахнаға қоларбасыз шықты. Иә, Ақнұр соңғы екі жылда Елорда да емделіп, дертіне шипа тапты. Өзінің һәм көптің тілеуі қабыл. Жаратқан Алла араға жылдар салып, жұртшылықпен қоларбасыз қауышуды нәсіп етті. Міне, құттықожалық қайсар қыздың ерік-жігері. Өмірге деген құлшынысы алдамады. Керісінше ішкі сенімін арттырып, үкілі үмітін орындады. Айта кететіні, әнші жастың тілегін алғашқы болып естігеннің бірі әлеуметтік саланың ардагері Зәуреш Ахметова мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаевтың еңбегі ерен. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында концерттік қолдау шараларын ұйымдастырды. Еміне деп елден көмек жинады. Осылай, талабы таудай қыздың тауын шақпай, талантын ұштап, жанашырлық демеу көрсетті. Содан бері талай өнер байқауларында топ жарып, жүлдемен оралды. Ақнұр өткен жылы Сыр өңірінің «Үздік өнерпаз» номинациясын алса, үш күн бұрын аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтың қолынан «Алғыс хат» алды. Ақнұр мұнымен тоқтамақ емес. Өнерін өміріне серік етіп, репетуарына жаңа әндер қосып, елдің еркесі болып жүре бермек.
Тағы бір айта кетерлігі, мақала жазу барысында тағы бір талантты қызбен таныстық. Есім-сойы Жәудір Ниязова. Нағыз қылқалам шебері. Уақытының көбін бисерден кестелеп сурет салуға, ақ қағазға тұмса табиғаттың суретін салуды ұнатады. Көрпе-көрпеше тігіп, құрақ құрауды кәсіп етеді. Одан бөлек, шахмат, дойбы додасынан жеткен жетістігі бір төбе. Бір емес, бірнеше мәрте жарыс жеңімпазы атанған. Оған қоса, Жәудір «Өзіңе сене баста» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған көрме-конкурсында үздік үштікке ілініп, 50 мың теңгенің сертификатына ие болған. Байқасаңыздар Жәудір жан-жақты. Спортқа да, сурет салуға да бейім. Әлі де болса, талантын шыңдап, талай додаларда топ жаратынына сенім мол.
Қорыта айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауды Мемлекет басшысының өзі басты назарға алып отыр. Оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өмірінде кедергісіз жүріп-тұруына мүмкіндік жасау керек. Бұлда болса, ерекше жандардың өздерінің сүйікті істерімен айналысуына даңғыл жол ашары сөзсіз.
Әбдісамат ӘБДІШ
07 желтоқсан 2019 ж. 1 178 0