№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еншісін алған ауылдың ахуалы

Еншісін алған ауылдың ахуалы


2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде 2 мыңнан астам халық тұратын селолық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілген болатын. Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдер ауыл бюджетіне берілді. Заңның күшіне енгеніне 20 күннен кейін екі жыл толады. Еншісін алған елді мекендердің бүгінгі ахуалы қандай? Бюджет бүйірін толтыра алды ма? Бұл жөнінде біз Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ерғали Абдрахмановтан сұрадық.


Әуелі ауылдық округтердің есебіне түсетін салықтың түрлерін нақтыладық.
– Қалыптасқан бюджеттің төртінші деңгейіне көшкен Сыр өңіріндегі 65 ауылдық округ бюджетінің жылдық жоспары 1 млрд теңгеден асады. Ал Жаңақорған ауданында дербес бюджеті бар 2 кент, 9 ауылдық округ бар. Енді олардың бюджетіне түсетін салықтық түсімдерді атасақ. Бірінші, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы. Екінші, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық. Үшінші, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы. Төртінші, тұрғылықты жері ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан алынатын көлік құралы салығы жатады, – дейді Ерғали Абдрахманов.
Басқарманың бас маманы Қалипа Примбетова тұр­ғындарға түсінікті болу үшін жеке тұл­ғалар бойынша қолданыста көп жүретін кодтарды мейлінше қарапайым түрде айтып берді. Оның айтуынша, жеке азаматтардың өз атындағы жердің (104302 БСК), үйдің салығы (104102 БСК), жер мен үй қай жерде орналасса, салығы сол жердің ауыл округінің есебіне түсуі тиіс. Мәселен, Келінтөбе ауылының тұрғыны, жері мен үйдің салығы жылына бір рет Келінтөбе ауыл округінің шотына төлеуі тиіс.
– Қазіргі уақытта көптеген ауылдық округ те пошта бөлімшелері жұмыс жасауда, сол ауылдағы пошта бөлімшелеріне төлем жасауға да болады. Сонымен қатар, егер сіздің атыңызда басқа жерде орналасқан жер, үй болса оның да салығын сол поштадан төлеуге болады. Бірақ жеріңізбен үйіңіздің орналасқан жерін айтуыңыз тиіс. Мысалы: жер мен үйіңіз Сарыағаш ауданында болса, төлемді «Сарыағаш ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына жіберіңіз» деп ескертесіз. Поштаның тарапынан жолданған төлем құжатын алған кезде, мүмкіндігінше төлем құжатты мұқият қарап төлемгер деген тұста сіздің аты жөніңіз, ЖСН-ді тексеріп және алушы тұлғаның тұсында Сарыағаш ауданы бойынша МКБ көрсетілгендігіне көз жеткізгеніңіз дұрыс. Ал жеке азаматтардың өз атында көлік болған жағдайда, сол техникалық құжатта көрсетілген азаматтың тұрғылықты мекен жайы қайда болса көлік салығын сол жердің Мемлекеттік кірістер басқармасына төлейді. Мысалы, тұрғылықты мекен жайы Қаратөбе ауылы болса, көлік салығын Қаратөбе ауыл округінің шотына төлейді. Ол үшін төлем жасау барысында кез келген банкіге немесе поштаға Қаратөбе ауылының шотына жіберіңіз» деп ескертуі тиіс, – дейді Қалипа Құдайбергенқызы.
Бас маманның айтуынша, көп жағ­дайда, салық төлеушілер мекен жайын өзгерткен жағдайда, сол жердің Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) барып арнайы өтініш беріп, мекен жайын сәйкестендіруі тиіс екен.
Өтініш бермеген жағдайда, салық төлеуші Сарыағаштан көшіп келіп, Жаңақорғанда тұрғанмен МКБ-на өзгер­туге өтініш бермесе, Мемлекеттік кірістер басқармасына Сарыағаш ауданында болып тұра беретіні белгілі болды. Көлік салығын да жергілікті пошта банк арқылы кез-келген жерге, яғни осы жерден төлем жасауға болады. Тек қана техникалық құжаттағы азаматтың мекен жайын айтсаңыз болғаны. Банк немесе почта ол жердің бизнес сәйкестендіру нөмерін білмеген жағдайда жергілікті Мемлекеттік кірістер басқармасынан білуге болады екен.
Сондай-ақ қазіргі кезде жеке азаматтардың бет есептерінде қарыз сомалары болғандықтан, ол азаматтарға қызмет түрлері көрсетілмеуде. Төлем төленгенмен қарыздар не себепті болуда? Біз мұны Басқарманың бас маманына сауал еттік.
– Төлем төленгенмен қарыздардың болу себебі көп жағдайда 4 деңгей бюджетінің төлемдерін өзінің тиісті аймағына төлем жасамау себебіне байланысты. Мысалы: мен Келінтөбе ауылында тұрамын (330908 аймағы), көлігімнің салығын төлем жасағанда өзімнің Келінтөбе ауылында тұратындығымды айтпадым немесе айтсам да пошта қызметкері дұрыс түсінбей төлемді Мемлекеттік кірістер басқармасының аймағына (330901) қабылдады. Міне, осы түсініспеушіліктен Сіздің төлеміңіз 330901 аймағына түсіп, ал, мемлекеттік кірістер органының төлеуге тиіс деген есебі 330908 аймағына қондырылған жағдайда бет есепте 330908 аймағында қарыз, ал, 330901 аймағында артық төлем пайда болады.
Бұл жағдай барлық бюджеттік сыныптама кодтарына қатысты. Әсіресе, кәсіпкерлердің табыс салығы бойынша (101202 БСК). Кәсіпкерлер салық есептілігін салу барысында аймағын дұрыс көрсетпеу барысында қарыздар шығуда. Мұның соңы бет есептердің жабылуына алып келеді, – Қалипа Құдайбергенқызы.
Айта кетейік, негізі өткен жылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кадрлық құрамының сапасын арттыру мақсатында ауылдық округ әкімдері, аппарат қызметкерлерінің бюджетті жоспарлау және бюджет шығысы, салық төлеу, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша біліктілігін арттырған. Оларға коммуналдық меншік және дербес бюджет енгізу бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылған. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейде 7-8 мәрте дербес бюджетке қатысты ауыл әкімдері арнайы мамандардан қаржылық есеп-қисаптың қыр-сыры мен ұйымдастырушылық және құқықтық саладан дәріске қатысқан. Бүгінгі таңда ауданда Сүттіқұдық, Келінтөбе, Бесарық, Шалқия, Сунақата, Қожакент, Аққорған, Ақүйік, Жаңақорған, Төменарық, Жаңарық ауылдық округінің дербес бюджеті бар. Сондықтан әкімдік қызметтен менеджерлікке маманданған ауыл әкімдері барынша салық түсімдерін молайтатын маңызды міндеттерді жандандырса игі.

Әбдісамат ӘБДІШ
10 желтоқсан 2019 ж. 681 0