№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тұңғыш Президент күні кімдер марапат биігінен көрінді?

Тұңғыш Президент күні кімдер марапат биігінен көрінді?





1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты мерекелік шарасы Ұлт көшбасшысының халықшыл реформалары өтпелі кезеңдерде елдің тұрмысы түзеліп, тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға негіз болғанын өнеге етумен ұштасты.


Елбасы және Егемендік. Екеуі егіз ұғым іспеттес. Өйткені қазақ халқының сан ғасырлық арман-мұратына айналған азаттықтың ақ таңындағы ұлы көштің тізгінін ұстап, отыз жылдың ішінде Қазақстанды озық елдер қатарына қосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Тұңғыш Президенттің ұлы істері қазақ халқының сындарлы тағдырын бір арнаға тоғыстырып, Тәуелсіздік туын көкте желбіретті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен шарада Елбасының жалынды жастық шағынан қойылым көрсетілді. Онда арманына қанат бітіріп, елдің егемендігін ойлаған ұлдың ұлы мұраты жолында қызмет еткені көрініс тапты.
Алғысөзді аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы алып:
– Тәуелсіздік алғалы Қазақ елі дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемнің алпауыт елдері санасатын дәрежеге көтерілді. Қазақстан халықаралық деңгейдегі басқосулар алаңына айналды. Мұның бәріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси беделі, қайраткерлік болмы­сының арқасында қол жеткіздік, – деді.
Құттықтаудан кейін қызметіне жауапкершілікпен қарап, еңбегімен көзге түсіп жүрген азаматтарға облыс әкімінің «Алғыс хатын» тапсырды. Олардың қатарында Ақжолтай Қадірәліұлы, Денис Оразбекұлы, Сайран Молдабекұлы, Батыр Сапарұлы болды.
Аудан әкімінің «Алғысына» Нағашыбек Оразалыұлы, екі жас спортшы Бауыржан Серікбайұлы мен Нұрасыл Дәуренұлы, Салиха Әбілқасымқызы, Әділет Сейденұлы, Тұрарбек Өндірбекұлы, Дінмұхамед Оразбайұлы, Қалдыбек Ахметов, Сарыбай Жақсыбайұлы, Дінмұхамед Адасханов мен Роза Маханбетқызы бөленді. Сондай-ақ «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі, әріптесіміз Лаура Бибасарова марапат биігінен көрінді.
– Бүгін ерекше күн, әрине қуа­ныштымын. Президент күні алғысқа бөленіп жатқаным ұстаздық саладағы ерен еңбегімнің бағаланғаны шығар. Әлі де қызметтен түскен жоқпын, еңбектене беремін. Ең бастысы, білімді де, тәрбиелі азамат шығарсақ, бізге содан асқан құрмет, бақыт жоқ шығар, – деді №180 жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Батыр Сапарұлы.
Одан кейін шара аудан өнер­паздарының концерттік бағдар­ламасымен жалғасты. Арман Дүйсенов­тың «Дала дастаны» әні, Құрманғазының «Адайы», «Елбасы – елдің тұтқасы» сынды әндер шырқалып, «Мереке – думан» тобы қыздарының мың бұралған билеріне куә болдық.
Қазақ елінің тарлан тарихына көз жүгіртер болсақ, кешегі 90-жылдардағы тоқырауда еңсесі езілген, егемендікті аңсап күткен халықты бір арнаға тоғыстырып, туыс елдерді бауырмалдыққа үндеген Елбасының көрегендігі кемел келешекке бастады. Өз еркіндігін алған тәуелсіз қазақ елі 1991 жылдан бері қаншама қиындықты бастан кешіріп, жоқшылыққа шыдап, бір ғана асыл мұратқа тәубе етіп келді. Ол – азаттық, еркіндік, тәуелсіздік. Алғашқы еліміздің шынайы тәуелсіздік жолында қадам басқан кезден күні бүгінге дейін, бейбітшілік пен тыныштыққа, баршылық пен молшылыққа халқын кенелту жолында тынбай еңбек етіп, қайыспас қара нар тәрізді қызмет қылған Президенттің тәуелсіз елдің тарихындағы мәңгі жасай беретін тұлға болып қалары сөзсіз.
Тұтас ұлтты бір шаңырақтың астына біріктіріп, шартарапқа танытқан Елбасының бекзат болмы­сы мен кесек мінезі, азаматтық пайымы өз халқының ғана емес, әлемдік қауымдастық тарапынан да әлдеқашан әділ бағасын алған. «Ол – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Оның түркі әлеміндегі беделі биік, барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін ерекше мадақтауға болады». Түркия елінің Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Елбасыға берген шынайы бағасы бұл.
Ұлттың қамы үшін атқа мінген Елбасы Қазақстан эконо­ми­касын өзгертуге көңіл бөлді. Нарықтық экономиканы негіздеп, ұлттық валютаны енгізді. Шаруа­шылықтар мен кәсіпкерлікті қолдайтын жүйе қалыптастырып, макроэко­номи­каның дамуына көңіл бөлді.
Елбасы қысқа мерзім ішінде халықаралық қарым-қатынастың әб­ден сұрыпталған тұжырымдарын іске асырды.
Тереңнен ойластырылған ұсыныс­тары бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, ОАО, Кедендік одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдар дүниеге келді.
Қорыта айтқанда, Тұңғыш Президент күнін аудандағы барша білім беру ұйымдары атап өтті.
Ондағы мақсат – бүгінде әлем халқына танылған жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастырған Елбасының ерлік, елдік істерін жастарға насихаттау, үлгі-өнеге ету. Аудандық мәдениет үйінде осындай кештің куәсі болдық.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
30 қараша 2019 ж. 724 0