№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өскенбайдың Көкені көш бастады

Өскенбайдың Көкені көш бастады


Жақында Қазалы ауданында «Жыр тербеткен жүрегін» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы өткен болатын. Сыр өңірінің жас жыршылары жиналған жыр додасы Әмитхан Бөріқұлақовтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жаңақорғанның намысын қорғаған жас өнерпаз Көкен Өскенбайдың бұл байқауда қанжығасы майланды.


Әмитхан Бөріқұлақовтың 95 жыл­ды­ғына орай ұйымдастырылған аймақ­тық жыр додасында текті өнердің насихатшылары екі кезең бойынша өзара бақ сынасты.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: Руха­ни жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы аясында ұйымдастырылған аймақ­тық шараға Қызылорда қаласы мен аудандарынан 20-ға жуық талапкер қатысты. Екі кезең бойынша өткен тартысты доданың алғашқы кезеңінде Әмитхан Бөріқұлақовқа арнау арнаса, екінші кезең де Бұхар жырау, Нұртуған жырау, Мұрын жырау, Қарасақал Ерімбет, Нұрсұлтан Жұбатұлы, Байназар Өтептің жыр-термелерінен үзінді айтуы шарт болды.
Текті сөздің төресін ту еткен аталмыш байқауда топ жарған жаңақорғандық Өскенбайдың Көкені өз қуанышымен былайша бөлісті.
– Облыстық жыршы-термешілер бай­қауының аудандық көлемде өтетін сайыс­тардан ерекшелігі менмін деген жыр дүлділдерімен бір сахнада өнер көрсетесің. Тәжірибе жинақтайсың. Түрлі мақамның қыр-сырына қанығасың. Бұл байқауға Жаңақорғанның өнер майталмандары атынан келген соң, үмітпен жіберген жұртымның сенімінен шығу басты мақсат болатын. Намысты қолдан бермеуге тырыстым. Сыр өңіріне танымал аралдық Еркебұлан Шыңжанов пен сырдариялық Алмат Өтеуов сынды сақа термешілер қатысты. Жетекшім, әрі өнердегі ұстазым Мұхтар Дәрібаевтың демеуімен байқауда оза шаптым, – дейді жыршы Көкен.
Көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаз­дардың шеберлігіне облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталықтың жыраулармен жұмыс секторының меңгерушісі Майра Сәрсенбаева бастаған Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Айбек Тәңірбергенов, Қазалы ауданының «Қорқыт ата» атындағы балалар музыка мектебінің терме сыныбының оқытушысы Сандуғаш Бисенбаева қостаған жыршы-термешілер сарапшылық жасаған.
«Ұстаздан шәкірт озады» демекші, Көкеннің өнердегі жетекшісі Мұхтар Дәрібаевтың да пікірін білдік.
– Халқымызда «Сыр елі-жыр елі» деген аталы сөз бүкіл Сыр өңіріне берілген баға ретінде айтылады. Сұлу Сырдың сағасы ежелден-ақ сал, серінің, әнші-күйші, жыраулардың отаны болған. Мұнда жыраулық дәстүрдің мектебін қалыптастырған Ешнияз сал, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Нартай, Нұртуған және өзіміздің Құлан Алдабергенұлы сынды тұлғалар өлкенің даңқын асырды. Бүгінгі таңда бұлардың ізба­сары ретінде жыршы, термеші Әмитхан Бөріқұловтың атындағы байқауда шәкіртім Көкен оза шапқанына қуаныштымын. Талабынан таудай үміт күтетін шәкіртімнің бірі» деді Мұхтар Дәрібаев.
Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен Көкен екінші кезең де Нұртуған жыраудың «Құлақ салып сөз тыңда» термесін орындаған. Осылайша, «Жыр тербеткен жүрегін» атты облыстық сайыстың қорытындысы бойынша қазалылық Жанболат Өмірзақ Бас жүлдені жеңіп алса, жерлесіміз Көкен Өскенбай бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынды сырдариялық Алмат Өтеуовтен аралдық Жақсан Жәнібек иеленсе, тағы бір аралдық Еркебұлан Шынжанов, қармақшылық Малика Алдамжарова мен Руслан Өтегенов өзара үшінші орынды бөлісті.
Иә, біз білетін Көкен қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көшін өрге сүйреп жүрген елжанды азамат. Ол – көнеден мұра болған халық әні мен жырының бүгінгі насихаттаушысы.

Лаура БИБАСАРОВА
26 қараша 2019 ж. 817 0