№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ТІРЕКТІ АУЫЛ ТҮГІСКЕННІҢ ТЫНЫСЫ

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ТІРЕКТІ АУЫЛ ТҮГІСКЕННІҢ ТЫНЫСЫ

Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған Түгіскен – қайнаған еңбектің шынайы көрінісі. Тұңғыш болып, тіректі елді мекен қатарына енген Аққорған ауылында тындырымды істерді ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қанат Көшербаев баяндады.

Өткен жылы 300 орындық мектеп, 140 орындық балабақша және денешынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл өзге ауылдардың қызыға да, қызғана қарайтын тұсы. Үш бірдей әлеуметтік нысанның бір жылда ашылуы ауыл үшін үлкен қуаныш. Десе де, тағы да бола берсе екен дейтін халықпыз ғой. Өткен жылғы есепті кездесуде айтылған мәселелер тағы да көтерілді. 1986 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген ауылдық клубтың ахуалына алаңдаушылық білдірген ауыл тұрғыны Айша Наубаева Түгіскендегі өнер мектебіне штат бөлу жөніндегі мәселені қайта ортаға салды. Спорт жанашыры, ауыл ақсақалы Нұрбек Балымбетов ескі спорт мектебіне баратын 100 метр жолға тас төсеуді сұрады. Бұл ауылдық деңгейде шешілетін мәселе екенін сөз еткен аудан әкімі Ғалым Әміреев өзге де көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жасалынып, бір ай ішінде жауабы берілетінін жеткізді.
---
19 қаңтар 2019 ж. 1 224 0