№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АҚЫН АЙЕРКЕ

АҚЫН АЙЕРКЕ

  Халық арасында дарынды балалар көп-ақ. Солардың қатарына мектеп табалдырығын аттаған Айерке Бектасты жатқызуға болады. Неге дейсіз бе? Оған сөз өнері қонған. Оның ақындық қасиеті бар. Бес жасынан қалам ұстап, өлең жазып, жақындарын қуантты. Шынында онымен тілдесу барысында ерекше қабілетін аңғардық.

– Айерке, жасың қаншада?
– Жасым 6-да. Биыл «Болашақ» бөбекжай балабақшасын бітіріп, №110 мектеп-лицейінің табалдырығын аттадым, -дейді балғын.
– Кішкентай болса да ақындық өнері бар екенін естідік. Сол жөнінде айтып өтсеңіз, – деп сауал тастадық біз Айеркенің анасына.
– Иә. Қызымның кішкентайынан өлең шығаратынына тәнті болып келеміз. Бұл қасиетін байқап, қолдап отырамын. Шабыт келсе түрлі жағдайларға байланысты өлең шығарады. Балақаныма балаларға арналған әдеби кітаптарды көп оқып беремін. Ақындардың өмірімен таныстырып, өлеңдерін жаттатамын.
– Ең алғаш шығарған өлең шумағы есіңде ме? – деп сұрақ қойдық ақын бүлдіршінге.
– Әрине есімде. Әжеме арнап шығарған болатынмын.
– Жатқа білесің бе?
– Құртпен майын сақтаған,
Әжем менің жақсы адам.
Күлімдейді күледі,
Жадырап ол жүреді.
– Сосын, – деді ол, – Әріптер туралы жаздым.
Алфавиттің басында
Ә тұрады қасында
Көршісі ол кім екен,
Айтыңдаршы расында.
– Тағы да «Мектебім» деген өлеңім бар.
Мектепті алғаш аттадым,
Өлең, тақпақ жаттадым.
Тыңдап оны апайым,
Жарайсың деп мақтады.
– Болашақта кім болғың келеді?
– Келешекте өнер адамы болсам деген арманым бар.
Кішкентай талапты қыз осылай дейді. Қатарынан ойы озық, талпынысы зор өреннің өсіп-өркендеп, құрбыларының алды, елінің мақтанышы болуына біз де тілектеспіз.

                                                                                                                                             Лаура АЙДАРХАН
10 қыркүйек 2019 ж. 1 005 0