«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Кереметтің" кереметіне куә болыңыз

"Кереметтің" кереметіне куә болыңыз


Әр мамандықтың өз құпиясы бар. Оны түйсіну үшін, тұрақты талпыныс, таудай талап, есе-есе жігер, есе-есе еңбек керек. Осы бағытта өзінің алған бағытынан таймай үнемі өз-өзін жетілдіріп, ақырында ең алғаш болып, қолға алған бастамасынан баян тауып, бағдарлы кәсібінің көкжиегіне қол арта алған кәсіпкер, медицина саласының саңлағы Гүлжұма Садықбекқызының осы мақсаттан шыға білген кәсіптік жаңашылдығын оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.


Гүлжұма Қойшыбекованың денсаулық саласында тер төгіп келе жатқанына 40 жылға жуықтапты. Мектепті бітірген соң медициналық колледжге оқуға түсіп, оны қызыл дипломмен тәмамдап, бір жыл медбике болып жұмыс атқарғаны бар. Асқақ арманды арқаланып Ақтөбе қаласындағы медициналық жоғары оқу орнына құжат тапсырды. Институттың емдеу ісі факультетіне оқуға түсіп, дәрігер-гинеколог мамандығын алып шықты. Бір жыл Қызылорда қаласындағы медучилищеде оқытушы болып қызмет атқарды. Одан әрі тұрмыс жағдайымен Жаңақорғанға келіп, содан бері отыз жыл өңір халқына қалтқысыз қызметін көрсетіп келеді екен.
Саламатты қоғам тынысына тың серпіліс әкелген жаңаша технологияның алғашқы қарлығаштары туған жерімізге тоқсаныншы жылдардан соң келе бастағаны белгілі. Міне, осы цифрлық технологияны тиімді пайдаға асыруда мамандар қажет еді. Сол кездегі аудандық аурухана басшысы Нұрылда Талипов талапты жас ретінде Гүлжұманы арнайы курсқа жіберіп, сырқат түрлерін УЗИ аппаратында зерттеп-зерделеу жүйелі жолға қойылды. Өз кәсібіне шын берілген жүрек таңдауымен гинеколог-акушер ретінде жиырма жыл еңбек еткен білікті дәрігер 2005-2010 жылдар аралығында Жаңақорған шипажайында кәсіби жұмысын жалғады. 2011 жылдан бастап кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзі талай жыл тәжірибе жинақтап, қыр-сырына қаныққан интенсивті технологияның әлеуетін кәсіби тұрғыда кәдеге асыруға толыққанды бет бұрды. Одан бері де тоғыз жыл зымырап өте шығыпты. Үнемі, үздіксіз оқумен-тоқумен тәжірибе байытып, өз-өзін шыңдаған маман ауданымызда тұңғыш жаңа заманауи УЗИ А3D Самсунг аппаратын алып келіп, жаңа серпінмен жұмысқа кірісті. Біз Гүлжұма Садықбекқызына арнайы жолығып, жаңа құрылғының ерекшелігі жөнінде айтып беруін өтіндік.
– Бұл аппарат үш топқа: жоғары класты, кәдуілгі және талдау-сынамалық деп бөлінсе, біздің қолдағы осы үшінші түрі – эксперт – аппарат, ерекшелігі түрлі сынамалардың қателігін табады. Экраны үлкен, организмдегі нәзік потологиялық өзгерістерді анық көрсете алады. Нақ бүгінгі күндері көмегімізге жүгінген келушілерге мына төмендегі рет бойынша қызмет көрсетілуде: бауыр, бүйрек, өт жолдары, қалқанша без, көк бауыр, сүт безі, әйелдер сырқаты және жүктілік бойынша тексеріле алады, – дейді ол.
Дұрыс әрі нақты УЗИ қорытындыларына қол жеткізу үшін қалаларға сабылуға мәжбүр болатын халық өте қымбат тұратын, бірақ жоғары класты аппаратқа сеніммен келіп, нақты диагноз қоюға мүмкіндік туып отыр екен.
Ел астанасында және қалаларда ірі медицина орталықтарында болмаса жеке клиникалар қол жеткізе алмай отырған құнды, әрі әлеуетті аппаратты қалай да иеленіп, игілікке асырудың астарында не сыр бар дейтін болсақ, бір ғана нәрсе айқын. Ол өз ісіне деген керемет құштарлық. Кім болсын өмірлік мақсатынан танбай, тынымсыз алға қарай талпынса, ақырында соның нәтижесін көре алады. Бизнестің де бұлжымас серті тұрақтылық пен табандылық. Қарап отырсаңыз, қалталы болғанмен халықтың денсаулығына не қайран, оны оңалтуда, алға бастыруда сол саланың өзінің қазанында қайнаған, көзін білетін, жаны ашитын демеуші қажет қой. Осы тұрғыда тұрақты қарекет жасап, жатпай-тұрмай еңбектеніп, жиған-тергенін көңілі сүйген кәсіптің көкжиегін кеңейтуге жұмсап, ел саулығына сарп ету – ақ халаттыларға ғана жарасар асыл іс. Осылайша бүкіл инвестициясын ел қажетіне ортақ құндылыққа батыл бағыттаған елжанды тұлға кентіміздегі Амангелді көшесі бойына орналасқан «Керемет» медициналық орталығында жұмысын жаңаша мазмұнда бастап кетті. Сырқат жамағанға жаңылмас бағыт беріп, ал кәсіпкерді еңбегінің адал өтеуіне қауыштырар әлеуетті орталықтың келешегі кемел екеніне сеніміміз мол.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
22 қазан 2019 ж. 580 0