№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпорындағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде өсіп отыруы тиіс - министр

Кәсіпорындағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде өсіп отыруы тиіс - министр

  Кәсіпорындағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде көбейіп отыруы қажет. Бұл туралы бүгін еңбек қатынастарын реттеу мәселесі қаралған  Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

  «Келесі мәселе - жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарын реттеу. Ол реттеу қазір ұжымдық келісімшарт арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан бойынша қазіргі таңда 40 мыңға жуық еңбек шартына қол қойылған. Кей кәсіпорындардың, мекемелердің жұмысшыларды келісімшартсыз жұмысқа алуына көңіл бөлу керек болып тұр. Біздің мәлімет бойынша, қазір олардың саны бір мыңға жуық. Біз енді олармен Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істеуіміз керек», - деді ол.

  Сонымен қатар, министр ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көбейту мәселесі де қаперде екенін айтты.

  «Қазіргі таңда 184 мың кәсіпорында 958 мың қызметкердің жалақысы өсті. Ендігі міндет - әкімшіліктермен, кәсіподақ, жұмыс берушілермен бірігіп, осы жұмысты жалғастыру. Жалақы жыл сайын кем дегенде инфляция деңгейінде өсіп отыруы тиіс. Жаппай қысқартуға жол бермеуіміз керек», - деді Б.Сапарбаев.

Е.Раймбек.

19 наурыз 2019 ж. 853 0