№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ТРАНСФОРМЕР ЖИҺАЗЫН ЕСТУІҢІЗ БАР МА?

ТРАНСФОРМЕР ЖИҺАЗЫН ЕСТУІҢІЗ БАР МА?


Трансформер. Тілге ауырлау келетін бұл терминді айтып үйрене беріңіз. Өйткені жаңақорғандық жас кәсіпкер Нұрмұхаммед Оразбаев жұмсақ жиһаздың осы бір креативті түрін жасауға кірісіп кетті.


Бұрындары диванның еңсесі биік, отырғанда иық тұстан келетін. Бүгінде заман талабына сай, ықшамдалған, әмбебап-құрастырмалы жұмсақ жиһаздар сәнге айналды. Әлгі трансформер дегеніміз де осы. Отырсаң диван, жатсаң жатын жиһазына айналады. Жасыратыны жоқ, қазірде кез келген кеңсе мен үйді жиһазсыз елестету мүмкін емес. Бір қараған адамға кәдімгі тақтай болып көрінсе де, оның қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару тек шын шебердің қолынан келеді. «Қимылдағанның қыр асатынын» жақсы білетін Нұрмұхаммед нарық қыспағында кәсіптің осы бір түрін өзіне талғажау етті.
Ол қатарластары секілді жоғарғы оқу орнын оқып, қала да қыдырмады. Бар мақсаты – ата-анасы мен бауырларына қолқанат болу еді. Бұл мақсатына да жетті. Ең алғаш кенттегі Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжін тәмам¬дағаннан кейін, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысты. Мемлекеттік бағ-дарлама аясында бір жыл бойы қолөнер шеберлігінің қыр-сырына қанықты.
– Негізі өзім оқушы кезімнен ағаштан түрлі бұйымдарды жасағанды жақсы көретінмін. Қолым бос кезінде ағаштан түрлі дүниелерді жасайтынмын. Міне, сол қызығушылық үлкен өмірге қадам басқанда өмірлік кәсібіме айналды. Шыны керек, өзімді басқа сала да елестете алмаймын. 2011 жылы ағашты кәсіби тұрғыда жонып, түрлі бұйымдар жасауға баулыған байкенжелік Мақсат Әлиев есімді бауырымыз. Алғаш әліппесін үйреткен еді, – дейді Нұрмұхаммед Полатұлы.
2012 жылдан бастап кент орта¬лығындағы «Ақ жол» сауда орталығына қарасты жиһаз жасау цехында шыңд¬алады. Кейіннен Отан алдындағы боры¬шын өтеп келіп, бір-екі саланың басын шалып көреді. Ойлана келе, жанына жақыны жиһаз жасау саласы екенін түсініп, түпкілікті бет бұрады.
– 2016-2017 жылы «Ақ жол» сауда орталығына қарасты жиһаз жасау цехына қайта оралып, жұмысыма кіріс¬тім. Өсиет есімді ағамыздан көп тәлім алдым. Кейіннен тәжірибе жинақтап, өзім ел ортасына еншімді алып шықтым. Орталықтан ғимарат жалға алдым. Әрине, жиһаз жасау бір қарағанға оңай дүние сынды. «Ағаш жонып, шеге қағып әуре болмайсың» деп түсінетіндер бар. Алайда бұл қате ұғым. Өз басым сапа мен талғамға қатты маңыз беремін. Мен үшін әрбір тапсырыс берушінің маған деген сенімі қымбат. Сондықтан жасаған жиһазымды жауапкершілікпен қолға аламын, – дейді жас кәсіпкер.
Өткен жылы Нұр-Сұлтан шаһарына барып, жыл он екі ай бойы жұмсақ жиһаздың сәнге айналған трансформер деген креативті түрін үйреніп қайтады. Бүгінде екі-үш айдың көлемі болды жаңақорғандық тұтынушыларға жиһаз¬дың трансформер түріне көптеп тапсырыс алуда. Оған қоса, ескірген, жұлым-жұлым болып жыртылған жұмсақ дивандарды қайта жаңартып, кісі танымастай кейіпке айналдыруда. Бұл да болса, жас шебердің еңбек¬қорлығы. Қасына көмекші алып, аула¬сындағы аядай шеберханасында ас бөлме, жатын бөлме, балалар бөлмесіне арналған жиһаздар мен жұмсақ жиһаз жасауды жандандыруда.
Тапсырысты алғаннан кейін жас шебер қажетті бұйымдарын Шымкент қаласынан алады. Қарапайым жиһаз тұтқасынан бастап, ұсақ-түйек заттары мен ЛДСП, МДФ материалының бар-лығы да отандық өнім. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықпен жасалған жұмсақ жиһаздары шетелдік тұрмыстық зат¬тар¬дан еш кем түспейді. Ендігі кезекте жас кәсіпкер «Жастар жылы» мен «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында өз жұмысын кеңейткісі келе¬ді. Мемлекеттен қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, қасына өзі секілді замандастарын тартып, үлкен цех ашуды мақсат тұтады. Әзірге Қазақстанның жиһаз өндірісі нарығын жаулап алған шетелдік өнімдерге қарсы тұрып, өз кәсібін өрге домалатып отырған Нұрмұхаммедтің ісі өнімді. Өзімен бірге 1 адамды жұмыспен қамтып отырған шебердің мақсаты да айқын. Ол – «Жаңақорғанның жиһаздары» атты бренд қалыптастыру. Бұл бағытта жиырма алты жасар жаңақорғандық жастың бағындырар белесі әлі алда деп білеміз.


13 қазан 2019 ж. 635 0