Семинар: етті ірі қара мал бағытында өтеді


Семинар 2019 жылғы 11 қазан күні сағат 09.00-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылындағы «Заман Ата» шаруа қожалығының базасында ұйымдастырылмақ.
«Етті бағыттағы ірі қара малдарын азықтандыру, өсіру және көбейтудің тиімді технологиялары» тақырыбында өтетін семинардың спикерлері:
- Нұридин Әлібаев, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы;
- Еркін Сайдулдин, Қазақ Ұлттық аграрлық универститетінің ДНК технологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері;
- Бақтияр Өтелбаев, Қалмақ асыл тұқымды ірі қара малдары Республикалық палатасының директоры;
- Думан Нағашыбекұлы, Қалмақ асыл тұқымды ірі қара малдары Республикалық палатасының сарапшысы.
Семинарға тіркелу үшін 8 /7242/ 400 981, 8 701 560 11 27, 8 775 313 93 41 байланыс телефонына хабарласуға болады.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі