» » Шетелдік нөмірлі көліктер түгелдей тіркеуге алынуы тиіс - ҚР ІІМ

Шетелдік нөмірлі көліктер түгелдей тіркеуге алынуы тиіс - ҚР ІІМ

Ішкі істер министрлігі көтерген бұл бастаманы тұрғындар да қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».




Себебі шетелдің мемлекеттік нөмірімен жүрген көліктер жол ережесін бұзған жағдайда иесін тауып, жауапкершілікке тарту қиын. Дегенмен, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген көлікті тіркеу арқылы түйткілді мәселе түбегейлі шешілмейді.
Қазақстан көшелерінде Кеден одағына мүше Армения, Қырғызстан, Ресей көліктері көбейді. Әзірге темір тұлпарды тасып, тақымдауға заң бойынша тыйым жоқ. Бірақ Ішкі істер министрлігі жаппай тіркеу керек деген бастама көтерді. Өйткені былтыр жол бойындағы бақылау камералары арқылы шетелдік нөмірмен жүрген көліктердің 41 мыңы заңбұзушылық жасағаны анықталды. Алайда олардың иесін тауып жауапқа тарту қиын болып тұр. Не істемек керек? Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоковтың айтуынша, кеден салығын азайтып, тұрғындардың шет мемлекеттен жаңа көлік алуына жағдай жасау керек.
Эдуард Эдоков, Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы:
- Қазақстанға шет мемлекеттен әкелінетін көлік біріншіден «Еуро 4» талаптарына сай болуы керек. Екіншіден, кеден салығын төлейсіз. Ол көлік құнының шамамен 17%-іне тең. Алғашқы тіркеуге бір миллион 200-300 мың төлейсіз. Одан кейін утилизациялық алым тағы бар. Осының бәрі көліктің құнын өзіндік бағасынан екі есеге қымбаттады. Ал Армения, Қырғызстанда шет мемлекеттен көлік әкелу жеңілірек. Сондықтан біздің азаматтар амалсыз сол елдерден әкеліп жатыр. Өйткені бізде баға қымбат.
Сарапшымыз Қазақстан отандық кәсіпорындарды қолдау үшін осындай қадамға барып отырғанын жақсы түсінеді. Дегенмен, қанымызда әлемде көлік шығрудан көшбасшы саналатын Қытай және Ресей тұрғанда отандық автопромды дамыту қиынға түсетінін айтады.
Эдуард Эдоков, Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы:
- Көлік шығаратын кәсіпорын өз шығынын өзі жауып жұмыс істеуі үшін жыл сайын кемінде 200 мың темір тұлпар сатуы керек. Бізде ең үздік көрсеткіш 150 мың болды. Кейінгі жылдары 40-50-60 мыңнан аспайды. Сондықтан ол өз шығындарын жаба алмай, Үкіметтен көмегіне жүгінеді.
Мәліметтерге қарағанда, Қазақстан көшелерінде жүрген темір тұлпарлардың 64%-інің қолданыста жүргеніне 10 жылдан асып кеткен. Екі миллиондайына 18 жылдың жүзі болыпты. Бұл өз кезегінде экологияға зиянын тигізіп жатыр.
Блиц 1: - Меніңше, жаңа машинаның жүргені дұрыс. Заманға сай, табиғатқа зардабы аз. Сондай автокөліктер болса, солар дұрыс.
Блиц 2: - Қазақстанға кіріп жатқан кезде құжат жағынан дұрыстап кіргізу керек. Әр адамға тіркеп, сол адамды таба алатындай.
Блиц 3: - Меніңше, шетелден келген машиналарды тіркеуге тұрғызу керек.
Шетелден темір тұлпар әкелу көрсеткіші ғана өсіп жатқан жоқ. Отандық көлік өндірсі де дамып келеді. Бұған нақты сандар дәлел. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіні өкілдерінің айтуынша, жеңіл автокөлік өндіру көлемі биылғы бес айда 41%-ке артқан. Десе де, қазақстандықтар өзімізде құрастырылған емес, импортталған темір тұлпарларға құмар.



08 қазан 2019 ж. 1 497 0