№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстанда жүрген армян нөмірлі көліктер түгел рәсімделеді

Қазақстанда жүрген армян нөмірлі көліктер түгел рәсімделеді


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай бастама көтеріп отыр. Елімізде Арменияда көлік сатып алып, еш жерде салық төлемейтіндердің саны аз емес екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Қазақстан азаматы Арменияға барып уақытша тіркеуге тұрып, көлік сатып алады. Ол көлігін сол Арменияда тіркеуге қояды. Сосын темір тұлпарын Қазақстанға әкеліп, осында мініп жүре береді. Ақырында не Арменияда, не Қазақстанда салық төлемейді. Көліктер жап-жаңа болмаса да бағасы Қазақстанда шығарылатындардан екі есе арзан. Министрлік енді жүргізушілердің бұл қулығын шектегісі келеді.
"Егер жұрт сол жақтан көлік сатып алғысы келсе, мархабат, біз қарсы емеспіз. Тек заңдастырсын. Транзиттік нөмірмен әкелудің қажеті жоқ. Одан да осында әкеліп, заңға сай тіркеуге қойып, сосын емін-еркін айдап жүре берсін", — дейді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов.
Ресми мәлімет бойынша, биылдың өзінде АҚШ-тан Арменияға 60 мыңдай жеңіл көлік әкелінген.

ДЕРЕККӨЗ: Stan.kz
05 тамыз 2019 ж. 963 0