Еңбек Ері Шонабай Абжаловтың атына көше берілді
Ауданға қарасты Шалқия кентінде Еңбек Ері Шонабай Абжаловтың атына көше берілді. Шараға Қызылорда, Алматы қалаларынан, көршілес Түркістан облысының Созақ ауданынан қонақтар қатысты.
Жиын барысында Шалқия кентінің әкімі Әбдімәулен Сабырханов Социалистік Еңбек Ері, даңқты шопанның өмірі мен еңбек жолы туралы баяндады.Игілікті шарада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мажит Балқожаев, ардагер Зинабдин Шермағанбетов, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты түйе шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Мейрамбек Ермаханов өздерінің ізгі тілектерін ортаға салды. Шалқия кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәулебай Қалыбаев Еңбек Ерінің елеулі өмір жолынан әңгіме өрбітті.
Мұнан әрі Шонабай Абжаловтың көше атауы жазылған ескерткіш-белгінің лентасы қиылды. Оның ұзақ жылдарғы еңбегі бағаланып, 1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атанған.Жиын соңында «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» Ибадулла Байқожин батасын берді. Еңбек Ерінің ұрпақтары ас беріп, дұға бағыштады.