№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Такси» қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің өтініші қанағаттандырылды

«Такси» қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің өтініші қанағаттандырылды


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиал директоры Ермек Аймаханов айтты.

Естеріңізде болса, осы жылдың шілде айында Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кәсіпкерлерге салық, кеден заңдылықтарын түсіндіру бойынша кездесуде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов бұдан былай аптаның әр бейсенбісі, сағат 15.00-18.00 аралығында аудандық және қалалық Кірістер басқармасының басшылары мен облыстық Кірістер департаментінің басшысы кәсікерлерді жеке мәселелерімен қабылдайтындығын жеткізген болатын.
Осы тапсырмадан кейін қала, аудандық салық басқармасының басшылары Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал алаңында апта сайын кездесулер өткізілуде.
Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында өткен кездесуде бір топ такси қызметін көрсетуші дара кәсіпкерлер аудандық кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаровтан тіркелмей, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын азаматтардың қызметіне тосқауыл қоюын сұрады.
«Бүгінде ауданымызда тіркелмей, «такси» қызметімен айналысатын көлік иелері санының күн санап артуы түйткілді мәселеге айналып отыр. Біз тіркеліп, уақытылы салығымызды төлеп, қызмет етіп отырмыз. Алайда заңсыз жұмыс жасайтын, тіркелмеген таксистердің арқасында біз нәпақамыздан айрылып отырмыз», - дейді «такси» қызметін ұсынушы кәсіпкерлердің бірі.
Жеке кәсіпкерлердің өтінішінен кейін аудандық кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров аз уақытта аудан әкімдігімен бірге тиісті шара қабылдауының нәтижесінде халық көп шоғырланған жерлерде такси тұрақтары белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.
Өз кезегінде кәсіпкерлер мәселелерінің шешілуіне жағдай жасаған Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына да, аудандық кірістер басқармасының басшылығына да алғысын білдірді.  

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
18 қыркүйек 2019 ж. 716 0