№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұлт мирасын ұлықтау – ортақ міндет

Ұлт мирасын ұлықтау – ортақ міндет


«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық-қоғамдық кеңесі облыс аудандарын аралап, бұқараға елдің саяси өміріндегі жаңалықтарды жете таныстырып, билік пен халық арасындағы қарым-қатынасты шынайы түрде тереңдетуде талапты жұмыс жасап келеді. Бейсенбі күні аталмыш қоғамдық кеңестің жетекшісі, облыстық "Сыр бойы» газетінің редакторы Қуат Шарабидинов бастаған топ ауданымызда болды. Орталықтағы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында еркін форматта өткен дидарласу кешінде аудандағы тәрбие және ағарту саласының өкілдері, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен жастар жетекшілері, мешіт дәріскерлері және зиялы қауым өкілдері бас қосты.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мажит Балқожаев модераторлық етті. Алғаш сөз алып, насихат тобының жұмыс жоспарымен таныстырған топ жетекшісі Қуат Шарабидинов басты мақсат – бұқара мен билік арасындағы байланысты тереңдетудің басты қағидасы – сенімді қалыптастыру барша дамуымыздың тұғырлы тетігі екенін айта отырып, осы бағытта "Мирас» аймақтық-қоғамдық кеңесінің облыс аудандарын аралап, халықпен емін-жарқын сұхбат өткізіп келе жатқанын жеткізді. Топ құрамымен таныстырып, алғашқы сөз тізгінін ақпараттық талдау коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің директоры Сәулет Ерназарұлына ұсынды.
Ол ұлттың ұлы мұраты саналатын Рухани жаңғырудың жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлердің географичсы» және «100 жаңа есім" жобаларына атсалысып жатыр, – деді ол. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінді. "100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісінде маңызы зор. Бұл жөнінде Елбасы "Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуы тиіс. Сондықтан біз 100 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін жасауымыз керек» деген болатын. Бүгінде осы бағытта жұмыстар жасалуда, – деген хабарламашы одан әрі жастар тәрбиесі мәселесіне тоқталды. Ол осы бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауындағы жастардың дұрыс тәрбие алуы бағытындағы басымдықтарға тоқталды.
Білімді жас-өміршең жас. Ол қоғамда қандай қиындықтарға болмасын төтеп беретін иммунитетке ие, жан-жақты білімді, интеллектуал, денсаулығы мықты, жауапкершілігі зор тұлға болып қалыптасу үшін ғылымға көңіл бөлу қажет, саясаттан да хабюары мол болу керектігіне тоқталды.
– Қоғамда саяси мәдениет қалыптасу керек, – деді ол. Бұл дегеніміз әркім айналада болып жатқан оқиғаларға өз таным талабы тұрғысынан ой қорыта алатын сындарлы көзқарас иесі болу керек. Ол үшін бізге білім қажет. Кеңес өкіметі кезінде оқу орындарында саясаттану пәні оқытылмады. Мұны жетік меңгеру қоғамға іріткі салуға әкеліп соғады деп саналды. Шындығында саяси сауатсыздық қоғамда түрлі жел сөздерді туындатып, шынайы оқиғалардан шет қалуға, болашаққа айқын мақсат қоя білмейтін енжарлыққа әкеліп соқтыруы мүмкін, – деп сөзін сабақтаған шешен одан әрі тәрбиенің отбасынан басталатыны, осы орайда қыз бала тәрбиесіне қоғам болып атсалысу міндеттеріне тоқталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының саяси да, әлеуметтік те, экономикалық та, экологиялық та жағдайларды қарастырып, қайткенде халық арманына жетеді деген асқақ мақсаттардан тұратын жарқын мүдделерді тоғыстыратынын, оны іске асыруда әркім өз ұстанымына мығым болуы керектігі жөнінде терең ой сабақтады.
Келесі кезекте сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы Бақтияр Амангелдіұлының сұхбаты көпшіліктің көкейіндегіні дөп басқан көрікті ой иірімдерімен жиналғандарды терең әсерге бөледі.
– Әр заманның, әр мемлекеттің өз жолы, өз бағыты, соған сай өз бағдарламасы болады. Ол үнемі өзгеріп, жетіліп отырады. Мәселен, Қасым ханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолында қамтылмай қалған қаншама қағидалар Тәуке ханның «Жеті жарғысында» тиянақталып, талаптары айқындалды. Толықтырулар енгізілді, – дей келе, шариғат ережелеріне сүйене отырып белгіленген жарғының бірнеше баптарына түсіндірме жасап өтті.
Шешен одан әрі адамдардың дүниелік білімге терең ден қойып, оны меңгерумен қатар рухани кемелдену жайына бет бұрмайынша ізгілікті қоғам орнату кешеуілдей беретінін айтты. Әр тұлға өз-өзіне сенімді болу керек. Бұған бүгінгі мемлекет басшысынан бастап мықты мақсат ете білген кемел келбетіміздің ахуалы дәлел.
«Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын». Бұлай нық айтуға тәуекел ете білу адамның өз күш-жігерінен тыс тағдырға да, жарқын келешекке де үміт артқан құдыретке шынайы сенім иесін танытса керек. Осы орайда Кемел сынды өзі майдангер, өзі қаламгер, ескіше де жаңаша да толыққанды білім иесі, мемлекет қайраткері, ұлтжанды тұлға, заңғар әкеден тәрбие алған ұланның сол ұлағатты жалғастыра білген ізгі тілекті, жомарт жүректі болмысына айрықша тоқталған ғалымның ендігі ретте елге артылатын жауапкершіліктерді екпін бере баяндауы жұртшылық жүрегіне жүйе-жүйесімен жол тартты.
Басты тақырып – ел болып ес жиып, етек жинап, өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызбен қауышу, халық болып қастерлеп, қылау жұқтырмаған асыл қағидаларымызбен қайта табысу. Сонда қазіргідей қаулап бара жатқан жөн-жосықсыз, бей әдеп қылықтарға тұсау салынып, қазақы салт-санамыз салтанат құратын болады.
Ажырасушылықтың артуы, әке беделінің төмендеуі сайып келгенде рух әлсіздігінен туындайтынын, осы ретте құс екеш құстың да ұядағы балапанын төзімділікке, тіршіліктің темірдей тәртібіне баулу талабынан өз көңіліне түйгендерін баян етті. «Рухани жаңғырудың» символикалық бейнесі ретінде қыран құстың бейнеленуі бекер еместігі осы сәтте ойға оралады.
– Қазаққа жаны ашыған адам құр айқайды малданып көшеге шықпайды. Осындай бірді-екілі кісінің тұрағына арнайы барып, жағдайымен танылып көрдім, – деді ол. «Әлгі ақыл айтқыш» көкеміздің көріксіз өмір салты, қарақан басының жағдайын жасай алмай жүрген жалқаулығы, жай-күйінің төмендігі, өз бала-шағасына, әйеліне сөзін өткізе алмайтын өмірге өкпелі ынжық қалпын көргенде «мұндай жан елге қандай жан көрсетіп, жол нұсқайды?» деген ой туады.
Бұқар жырау бабамыздың:
«Екінші тілек тілеңіз,
Әзәзіл пасық, залымның»
Сөзіне еріп азбасқа» – деген өсиеті ойға оралады. Өзі құдайға сенетін, елге жаны ашитын қай қазақ ереуілге шығып, жағдайын түзеп еді? Әуелі Құдыретке, сосын өзіне, "өзәін алып шығар ақылы мен қайратына" сенген азамат нағыз ер емес пе?
Дүниенің кілті-білімде. Әлеуметті осы мақсатқа үндеген шешен Шәкәрімнің бес бірдей тілді меңгергенін айтып, ақынның «Жасымда жетік білдім түркі тілін, Сол тілде жиналады бүкіл ғылым» деген өлеңінен үзінді келтірді.
Мемлекеттен көмек –қолдауынан бұрын өз еңбегіңмен тапқанның берекеті жөнінде баяндап, елді адал еңбекке үндеді. Шариғатта «Мемлекет қазынасынан алдап ақша алу һарам боп саналатыны, одан аулақ болу жөнінде» насихаттарын айтты. Жиынды қорытындылаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов замануи ұлттық бәсекеге қабілетті болуының басты шарты-ғылыми танымда екенін, осы бағытта елдің алдында жүрген азаматтарды қуатты серпінмен сындарлы жаңаруға үндеді.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
17 қыркүйек 2019 ж. 448 0