№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партия жоспарын жүйеледі

Партия жоспарын жүйеледі


Мемлекеттің дамуында, экономика мен саясат саласында ауқымды бағдарламалық жоспарларды жүзе­ге асыруда ықпалға ие «Нұр Отан» партиясы осы жылдар ішінде қоғамдық институт іргелі істер, байыпты бастамаларының нәтижесінде халық­тың сенімінен шықты. Партияның жоспарлы бағдарламалары биікті бағындыруда септігі мол. Жақында «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында өткен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясында осындай жұмыстарға куә болдық.


Жиында күн тәртібіндегі негізгі төрт мәселе қаралды. Алдымен, конференция делегаттарының өкілет­тіктерін бекітіп алу үшін мандат комиссиясының төрайымы, «Орман» бастауыш партия ұйымынан сайланған делегат Мақпал Ермаханова хабарлама жасады.
Бірінші кезекте, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы» Жасам­паздық және әлеуметтік даму кезеңін» жүзеге асырылуын және орындалуы талқыланды.
– «Нұр Отан» халықтық партия болғаннан соң ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Осы тұрғыдан «Нұр Отан» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, елдің көркейіп гүлденуіне өзінің қомақты үлесін қосып келеді, – деді бас партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев.
Одан кейін, Елбасының «Қазақстан­­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру барысы талқыланды. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп бекітілгені белгілі. Сондықтан, екінші мәселеге байланысты аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әкімбек Әлібек:
– Елбасының әрбір Жолдауы елдің келешегін кемел, болашағын баянды ететін байыпты бастамалардан тұрады. Әсіресе, 2019 жылды жастардың жылы деп қабылдауы бізге үлкен жауапкершілік, сенім артып отырғаны анық. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында әрбір жастар орталықтары рухани жаңғырудың тұтастай ғылыми әдістемелік орталығына айналды. Сондықтан, ел ертеңі нұрлы болсын десек, онда Жолдауға жауапкершілік­пен қарап, қолдау білдірейік, – деді.
«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері жөнінде аудандық орталық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова баяндама жасады.
– Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы Қазақстанның жаңа әлеуметтік бағытының тұтас көрінісі. Бағдарлама Елбасының елімізді жан-жақты жаңғыртуға арналған бағытын жалғастыруды және қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы онжылдықтағы біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту, – деді хабарламашы.
Енді бағдарламадағы партияның алдағы онжылдықта қол жеткізуге мақсат тұтқан 10 бастамасына тоқталсақ. Белсенді әлеуметтік сая­сатқа көшу, әр адамға қолжетімді болашақтың білімімен қамтамасыз ету және дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру. Сондай-ақ, жалпыға бірдей әл-ауқат мақсаттарында эко­номиканың өсуіне, қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау мен азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау. Жетінші, азаматтардың мүддесінде мемлекеттің тиімділігін арттыру, сегізінші мақсат – жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамын қалыптастыру. Жастарды қолдау және «Нұр отан» партиясының ұзақмерзімді саяси жетекшілігін қамтамасыз ету.
Ал, жиында соңғы мәселе «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХІII конференциясына делегаттар сайланды.
Түйіндей айтқанда, жаһандық сын-қатерлерге қарамай, дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында Елбасының Қазақстанды жаңғыртуға арналған стратегиясын қолдап, жүйелі жұмыс жасауға партия пәрменді.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
09 ақпан 2019 ж. 1 075 0