№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ОМЫРТҚА АУРУЫНАН «ОРМЕД» АЙЫҚТЫРАДЫ

ОМЫРТҚА АУРУЫНАН «ОРМЕД» АЙЫҚТЫРАДЫ


Жуырда Қостанайдан курстасым хабарласты. Амандасып, қал-жағдай біліскен соң, негізгі мәселеге тоқталды. «Омыртқама ет өсіпті, емделмеген жерім жоқ, Жаңақорғандағы шипажайдан дауа тапқандарды көп естіп жүрмін» деп мән-жайды баяндап, омыртқамен емдеу жөнінде білуімді өтінді. Содан не керек, тура шипажайға тарттым. Негізгі мақсат – остеохондроз, омыртқа грыжасы, бел ауруы, ет өсу сынды диагноздарды емдеу жолымен танысып, құрбыма ақпар беру.


Шипажай – қашанғыдай сол көз тартарлық жайқалған жасыл саясымен жанға дәру сыйлап, көрген көзді жаулап тұр. Қоңыр күздің салқындығы сезілгенімен, емделушілердің қарасы әлі азаймаған. Керісінше, омыртқа ауруларымен келетіндердің саны күн санап артуда екен. Осы жөнінде тереңнен талқылап, мән-жайға қанық болу үшін «Жаңақорған Шипажайы» АҚ төрағасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ғабит Үйсінбаевты сөзге тарттық.
– Қазір арқасына тұз жиналып, белі ауырып, омыртқасы қисайып, қабырға арасына артық ет өскен адамдар көбейіп кетті. Омыртқа – адамның тірек-қимыл жүйесін атқаратын, негізгі мүшесінің бірі болғандықтан, адамның физикалық жүрісіне және басқа ағзаларына да кері әсер етеді. Сондықтан омыртқа аурурларының алдымен пайда болу себебін анықтау керек. Бұрындары остеохондрозды қариялардан кезіктірсек, қазір жастар арасында бұл дерт ушығып тұр. Сондықтан, біз әдеттегідей шипалы батпақпен қатар, тұзды сумен және заманауи шетелдік аппараттармен омыртқа ауруларын емдейміз. Қажетті құрылғының бәрін шет мемлекеттерден қомақты қаражатқа алдырдық. Нәтиже жаман емес, – деді ол.
Мән-жайды баяндаған соң, бас дәрігермен бірге арнайы кабинетке кірдік. Мұнда омыртқаны емдейтін ресейлік «Ормед» аппараты бар екен. Жапониялық «Nuga Best» және кореялық креслолар мен аяқ-қолға массаж жасап, қан жүгіртетін түрлі заманауи құрылғылар орналасқан. Бұл аппарттар арқылы остеохондроз сал-дарынан болған желкенің тартылуы, қолдың ұйып қалуы, қан қысымының көтерілуі, миға оттегі жетіспеуі сынды кеселдерден де құлан-таза айығу мүмкіндігі бар екен. Мұны массаж кабинетінің меңгерушісі түсіндірді.
– «Омыртқада 34 бөлік болады. Оның әрқайсысы ағзаның белгілі бір мүшесінің жұмысына атсалысады. Мысалы, белдегі отырықшы тамыр қысылса, оның зардабы аяққа, сан бұлшық еттері, тізе мен табан, бүйрекке беріледі. Тізенің қақсауы, табанның бастырмауы, ер адамдардағы аталық без жұмысының бұзылуы да соның салдары. Кейде құлақтың шуылдауы, бастың себепсіз айналуы, көрудің нашарлауы, өтке тас жиналуы, бас сақинасы да омыртқадан бастау алады. Себебі ондағы дискілер бір-біріне «отырады» да, сол арадағы жүйке талшығына зақым келеді. Сондықтан емделсеңіз де нәтиже болмай жатқан кейбір ауру түрлерінің түпкі себебін омыртқадан іздеу керек. Өйткені омыртқа – бүкіл ағза ұстыны. Бізде емнің бірнеше түрі топтастырылған. Емдік және мануалды массаждың көптеген ауруға ем екенін бәріңіз білесіздер. Бұл әсіресе аяқ-қолы қақсайтын, буын ауруы мазалайтын жандарға дауа, – деді Жақсылық Абуллаев.
Рас, жаңа ем іздеген жанға шипажайдан түрлі емдеу әдістері табылады. Теріскен көлінің аты аңызға айналған батпағынан бөлек, бағалы емдеу аппараттары ультрадыбыстар арқылы денеге еніп, тірек-қимыл жүйесінің, әсіресе омыртқаның ауруларына шипасы мол. Бұған дәлел де жоқ емес.
– Шипажайға алғаш келдім. Дәрігерлер қабырғам қисайған деп диагноз қойған соң, шипажай көмегіне жүгіндім. Аллаға шүкір, күнделікті ем-домды алумен қатар, «Ормед» аппаратының пайдасын сезінудемін. Өзімді жеңіл, сергек сезінетін болдым. Аурудан біршама айықтым, – дейді 19 жасар Жайна Шәмбіл.
Иә, ауру жас, кәрі деп талғамайды. Омыртқа ауруларына шалдыққандардың қатарында жастар да бар. Дегенмен шипажайдағы «ақылды» аппарат дертке дауа сыйлауда. Олай болса, омыртқа ауруларынан арылғыңыз келсе, алысқа аттанбай-ақ, өз жеріміздегі шипажайға бет бұрғаныңыз абзал.

Ханзада ДОШАН
07 қыркүйек 2019 ж. 1 384 0