БІЛІМ – ШЫРАҚ
Жаңақорған ауданындағы еңселі білім ордасы №110 мектеп-лицейіндегі аттестат тапсыру салтанатына арнайы барып, түлектердің қуанышына ортақтасып қайттық.
Салтанатты кеште ел ағасы Әлайдар Әбушахман мен мектеп директоры Әділмырза Таждинов түлектерге сәттілік тіледі.
Биыл мектеп-лицейден 38 талапкер қанат қақты. Оларға аттестатты директордың орынбасары Серік Абдуллаев, Ақмарал Ерімбетова және Шаркүл Сарсенова табыстады.
Білім – адастырмайтын шырақ десек, сапалы ілім нәрімен сусындаған Сая Өскенбай, Нұрсара Елеусіз, Айшабибі Нұрмағанбет, Аружан Нұрдинова, Шахризада Есен «Алтын белгімен» мектепті бітірді. Ал, 9-сынып оқушылары Зарина Зарерова, Біржан Роллан, Бағлан Жақсылық, Асыл Мұсабек пен Қаракөз Сайдин «Үздік аттестат» алды.
Осы орайда, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларына біз де шын тілектегімізді білдірдік. Одан әрі ортада аяулы ұстаздар мен ата-аналар, түлектер өздерінің жүрекжарды лебіздерін жолдап, алғыстарын айтты.
Айта кететіні, «Артық шығынсыз қоштасу кештері» акциясын №110 мектеп-лицейі алғашқылардың бірі болып қолдап, мазмұнды кеш өткізді.
Лаура БИБАСАРОВА.