№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КОЛЛЕДЖ КЕЛБЕТІ

КОЛЛЕДЖ КЕЛБЕТІ



Нарық талаптарына сай мамандарды даярлауды жолға қойған Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде «Кәсіптік білім – кемел келешектің кепілі» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жаңашыл үрдісті жандандырған колледжге «Nur Otan» партиясының Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже және колледж ардагері Мадияр Ахметұлы арнайы қатысып, білім ордасының жаңа бағыттағы жұмысына сәттілік тіледі.


30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен 1 қыркүйек – «Білім күні» датасын арқау еткен салтанатты жиын алдымен асқақтаған Әнұранмен бастау алды. Ата заңды құрмет тұту турасында кітап көрмесі ұйымдастырылып, патриотизм тереңінен насихатталды. Мерейлі мерекемен құттықтаған колледж директоры Жомарт Шәуенов:



– Конституция – құнды құжат. Тәуменді тарихтан теберік тартып, бүгінгі бұқараның сан қилы тіршілігіне ықшамдалған Ата заңды құрмет тұту – исі қазақтың абзал борышы. Сондықтан ұлттық идеологияның қуаты саналатын Ата заңымыз айбынды болғай. Мәртебелі мейраммен қатар келген «1 қыркүйек – Білім күні» құтты болсын! Барша педагогтарды жаңа оқу жылында жаңа қарқынмен, жаңа жүйе аясында тың ізденістермен жұмыс жасап, білім ордасын биікке жетелеуге шақырамын. «Білім және Ғылым» тамыз кеңесінде Қасым Жомарт Тоқаев «Лайықты азамат – өз мамандығын жетік меңгерген, қоғамға қалтқысыз қызмет ететін, өз елінің патриоты» деп «Лайықты азамат» ұғымына баға берген болатын. Олай болса, мен баршаңызды «Лайықты азамат» атануға шақырамын. Бұл жолда аянбай еңбек етіп, молынан тер төгейік, – деді.



Рас бүгінгі қоғам – бәсекеге қабілетті, нарық сұранысына сай кәсіби мамандарды талап етуде. Тұңғыш Президент Жолдауларында айтқандай, «нақты жұмыс сапасына» жұмыс жасайтын күн туды. Сондықтан бұл жолда кәсіптік-техникалық колледж оқытушыларына артылар жүк ауыр-ақ. Бұл ұстанымды назарға алған колледж басшылығы кадрлардың кәсібиленуіне күш салып жатыр екен. Мұны білім ордасының сөзінен бақтық. Келесі кезекте сөз алған «Nur Otan» партиясының Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Байқожаұлы педагогтар мен студенттерге шығармашылық шабыт тіледі. Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлы мен «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Нұрлат Айтжанұлы Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Он бағытына» терең тоқталып, төртінші тармақта айтылғандай «Жаңа жұмыс орындарын құрып, жаңа маман даярлау» турасында сөз өрбітті. Білім ордасының студенттерін білікті маман болуға шақырды.


Ал колледж ардагері Мадияр Ахметов бүгінгі жетістіктерді саралай келе, ұжым жұмысына сәттілік тілесті.
Ұстаз бен шәкіртті байланыстырып, көңілге қуаныш сыйлаған мерейлі мерекеде әуезді әндер айтылып, жырдан жақұт тақты. Алғаш рет «студент» атанған Меруерт Жақып барша студенттерді үздік оқуға, тың ізденістерге шақырды. І курс студенттері атынан үздік нәтиже көрсетуге серт берді.

Айта кететіні, бүгінгі биліктің талабына сай жаңа үрдісте жұмыс жасауды басшыл
ыққа алған білім ордасында биыл тың жаңалықтар көп. Модульдік оқыту технологиясын негізге алып, 40 пайыз теория, 60 пайыз практикаға мән берген оқу ордасында бұдан былай студенттер оқып жүріп-ақ, іскерлік тұрғыда шыңдалмақ. Сондай-ақ 27 заманауи станокты тігін машинасы орнатылған арнайы шеберхана биылдан бастап тапсырыс қабылдап, кәсіпкерлік бағытта жұмыс жасайды. Бұл – кәсіби маман даярлаудың ғана емес, студенттерді жұмыспен қамтудың да тиімді тетігі. Сондай-ақ 200 адамға арналған асхананың жөндеу жұмыстары аяқталса, көпшіліктің талғамына сай жұмыс жасамақ. Яғни алдағы уақытта нақты нәтиже мен нарық сұранысына сай болу басты назарда тұр.   
                                                                                                                                       Ханзада ДОШАН
03 қыркүйек 2019 ж. 1 334 0