№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Президент көпбалалы отбасыларға жасалатын көмек туралы айтты

Президент көпбалалы отбасыларға жасалатын көмек туралы айтты

Көпбалалы отбасыларға баспана беруге 240 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ÐÑÐµÐ·Ð¸Ð´ÐµÐ½Ñ ÐºÓ©Ð¿Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ñ Ð¾ÑбаÑÑлаÑÒа жаÑалаÑÑн көмек ÑÑÑÐ°Ð»Ñ Ð°Ð¹ÑÑÑ - © grifoninfo.ru
  "Биыл Елбасының бастамасымен "Бақытты отбасы" деген екі пайыздық жеңілдетілген мөлшерлеме және он пайыздық бастапқы жарна төлеу арқылы жүзеге асатын бағдарламасы құрылды. Бұл өте тиімді ұсыныс. Жылдың аяғына дейін 6000-ға жуық отбасы баспаналы болады. Ең алдымен көпбалалы отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 2020 жылы осы секілді 10 мың отбасыға баспана беріледі. Үкімет бұл бағдарламаға қатысуға нақты талаптар қойып, оның орындалуын қатаң бақылау қажет. Баспанаға мұқтаж отбасыларға ғана көмек көрсетілуі қажет", - деді Президент жолдауында.

  Президент үкіметке үш жыл қатарынан тұрған, жағдайы нашар, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

 "Тұрғын үй сатып ала алмай жүрген отбасылардың саны - 30 мың. Жалдап тұруға мүмкіндік беру керек. Сол себепті 2022 жылға қарай мемлекет 240 миллиардтан аса ақша бөледі", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Еске салайық, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді.

 Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің айтуынша, Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланып, сағат 15:00-де барлық республикалық телеарнадан көрсетіледі.
02 қыркүйек 2019 ж. 488 0