№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көпбалалы отбасыларға 2% үстемемен ипотекалық несие беріледі

Көпбалалы отбасыларға 2% үстемемен ипотекалық несие беріледі


«Нұрлы жердің» жаңа бағыты бойынша аз қамтылған отбасылар жеңілдетілген ипотекалық несиені жылдық 2% үстемемен ала алады. Несиені Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі береді. Қазақстан демографиялық өсімі 4 жыл қатарынан төмендеді. Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға даму институттары қолдау көрсетеді. Бұл туралы Energyprom.kz сайты жазды.


Биыл Қазақстан халқының саны 18,4 миллионға жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 1,3% ғана көп. Салыстырып қарасақ, 2010-2017 жылдары өсім минимум 1,4%, 2014-2015 жылдары 1,5 % дейін жетті.
Өткен жылдың басында дүниеге келген 390,3 мың баланың үштен бір бөлігі дерлік отбасындағы бірінші сәби, ал 29,2% - отбасындағы екінші бала. Елдегі халық санының өсуі үшін отбасында кем дегенде үш бала болуы керек екенін айта кеткен жөн.
Қазақстандағы үй шаруашылығындағылардың арасында 54,3% ғана бала бар екен. Оның 28,1% 3 және одан көп балалы отбасы болса, 8,5% отбасында 4 және одан көп бала болды.
Баланың көп тууы үшін халықты үймен қамтамасыз ету керек. Сондықтан көпбалалы, толық емес, мүгедек баласы бар отбасыларды қолдау үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бағдарлама – аз қамтылған отбасылар үй алуы үшін жеңілдетілген несие беру қолға алынды.
Пилоттық жоба Алматыда басталды. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгертулер енгізгеннен кейін мамыр айынан бастап ел бойынша жүзеге аса бастайды.
Бағдарлама аясында несие алу үшін үй бағасының 10% алғашқы жарна ретінде құю керек, пайыздық үстемесі — 2% (Қазақстанда бұған дейін мұндай жоба болмаған), 20 жыл мерзімге дейін рәсімделеді.
Ал, алғашқы жарнасы жоқ отбасыларға тұрғын-үй сертификаттарын алу мүмкіндігі (жергілікті әкімдіктердің шешімі бойынша) беріледі. Сертификат құны – 1 млн теңге.
Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінде хабарлағандай, несие төлемі қазір отбасылар жалдамалы пәтерлеріне төлем жатқан сомамен барабар келеді.

BAQ.KZ
17 сәуір 2019 ж. 1 301 0