Қызылорда облысында мал іздеп жүріп батпаққа батып кеткен 5 адам құтқарылды
Қызылорда облысында айдаладан мал іздеп жүрген 5 адам табылды. Далада қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жасап.
«Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» жолының 234 шақырымынан солға қарай 10 шақырым жерде КамАЗ автокөлігі батпаққа батып, ішіндегі 5 адам далада қалған ,Бір адамға дәрігерлік көмек қажет болған.«АМО» Қызылорда филиалының 1 дәрігерінен тұратын топ жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» көлігімен шұғыл жолға шықты. Арада 5 сағат уақыт өткеннен кейін құтқарушылар даладан бетіне мұз қатқан су ортасында батып тұрған КамАЗ автокөлігін тауып алды. Ішіндегі Қызылорда қаласының 5 тұрғыны мал іздеп жүріп батып қалған. Екі күн далада азақ-түліксіз, тоңған азаматтардың біреуі суық тиіп ауырған, – делінген хабарламада.
Оларға су өткізбейтін Л-1 костюмдері беріліп, жылы көлікке отырғызылды. Екі күн тамақ ішпеген азаматтарға тамақ пен ыстық шай берілді. Суық тиіп ауырған азаматқа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Далаада қаалып қойғандар Қызылордаға жеткізілді.
Пікір 3