№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Біз ауа райын қалай бағамдадық?

Біз ауа райын қалай бағамдадық?

       

        
Соңғы бірнеше жылдың жүзінде қысымыз құбылмалы, жазымыз ысып бара жатқандай. Тек соңғы 3-4 жылдың өзінде қақаған қыстың бел ортасында табиғат тосын мінез танытуда. Айдын-күннің аманында ақпан айында ауа райы күрт жылынып, күн күркіреп, қар орнына жер жаһанды көл-көсір етіп жаңбыр жауып, артынша қар боран басталды. Мұның өзі жылда Сырдарияның тасқын суымен алысатын аудан халқына төтеннен жабысқан дерттей болды. Осылай кенттің солтүстік шығысындағы көшелер мен «Ордакент» жақтағы біраз үйлерді, Бірлік, Жайылма елді мекендерінің тұрғындарын әбігерге салып кетті. Мұның өзі ауа райы туралы мәлімет беретін «синоптиктердің» мәліметімен қабыспауынан да болса керек. Оның бір жағы ауданның екі облыс шекарасында жатқандағынан да болса керек, берілген болжам үнемі дәлме-дәл келе бермейді.
Ата-бабаларымыз жан-жануарлардың көңіл-күйіне, жатқан жатысы мен тұрған тұрысына, жұлдыздардың қозғалысы мен айдың жатысына қарап болжайтындығын көзбен көрдік. Өткен ғасырдың алпысыншы-тоқсаныншы жыдар аралығында Талап кеңшарында еңбек еткен Салмырза қарияның ауа райы туралы болжамдарының дәлдігі кімді де болса тәнті ететін. Осыған орай халықтың ауа райы болжамы туалы тоқтала кетсек.
Қазақ халқының бүкіл ааналы ғұмыры ат үстінден өткендіктен ба екен, ауа райына баса назар аударған. Яғни біздің халқымыз үшін ауа райының баса назар аударған. Яғни біздің халқымыз үшін ауа райының жайлыжайсыздығы аса маңызды рөл атқарған. Ел арасында ауа райын болжау келер күнді меңзеп те отырған. Олардың жылдар бойы жиған тәжірибелері туралы дара жазушы Мұхтар Әуезов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейхановтың еңбектерінде, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» кітабында да берілген. Олар күз және қыс айларында, сондай-ақ көктемде құстардың келу-қайтуларына, жоғары-төмен ұшуына да баса назар аударған. Қотанда жатқан қойлардың ұйлығып немесе шашырап жатуына қарап та, малдың қорада қайда қарап, бөксесі қалай беріп тұрғаны да назардан тыс қалмаған. Күзде ірі қара малдардың күн суымай қораға келуі жақын күндерде күн суытатындығынан хабар береді. Егер сиыр қорада тұрып мүйізін шайқай берсе, онда ертеңгі күн күрт суу хабары.  Қотандағы қой ұылығып топтасып жатса да қыстың суық болатын нышан. Жылқы малы желге артын беріп тұрар болса да күн суытып, боран болады деп күтілген.
Хлқымызда алдағы айдың ауа райын ай арқылы алдын ала болжап келген. Ай шалқалап туса, онда сол айда күн жайсыз, суық болады, ал, ай екі ұшы үшкілдеу, сүйір, өңі ашық, шалқақ туса, онда сол айды жауын-шашынды, желді, борасынды болады деп есептейді.
Ай туғанда бұрынғысынан үлкендеу көрінсе, сәулесі қызғылт болса, жауынның белгісі. Толған ай ашық көрінсе, күн жылы, жақсы болмақ.
Енді бір ауа райын болжаушылар шөптер мен гүлдерді пайдаланған. Өзеннің жылан қияғы, таспа жапырағы ерте гүлдесе, жазда құрғақшылық болудың белгісі болмақ. Қымыздық гүлі түнде гүлдесе, жауын жауады. Сарғыш гүлді бақбақ көп өссе, жаз жайсыз, құрғақшылық болудың сыңайы болмақ. Бақбақ гүл ерте гүлдесе жаз қысқа болатынының белгісі. Орман сарғалдағы, көкқалдағы, қызғалдағы биік, бітік өссе, қар қалың жауады.
Қарап отырсаңыз, халқымыз ауа райын тек айға, жан-жануардың мінез-құлқы мнен тұрысына, шөптер мен гүүлдерге ғана қарап емес, сондай-ақ жұлдыздарға қарап та ауа райын дұрыс болжай білген. Ол туралы өзге жақтан дәлел іздемей-ақ Назарбек Қожамсейітовтің есімін атасақ та жетер. Назарбектің ауа райын болжағыштығын тек өз еліміз ғана емес, бүкіл әлем мойындап отыр. Оның ауа райы туралы айтқан сәуегейліктері әзірге оны алдаған емес.
Міне қоршаған ортамыздағы болып жатқан құбылыстарға аса зор мән беріп бар ықыласымызбен айналысар болса әркімнің-ақ қолынан келер шара. Қазіргі ыстық ауа-райы туралы да түрлі болжам бар. Бірақ оны ерте бастан дөп басып айтатындай болжау байқалмады.
23 тамыз 2019 ж. 823 0