№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Екінші басымдық

Екінші басымдық



Соңғы жылдары елімізде қанат жайған өркенді өзгерістердің барлығы халықтың мызғымас беріктігімен қоса ішкі әлеуметтік мүмкіндіктерімізді мейлінше ұқсата білудің нәтижесі екені аян. Мемлекетіміздің осыншалықты деңгейде өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз хал-қадірінше үлесін қосып келеді. Десек те, ел экономикасы үнемі жаңарудан, баянды бағытқа бет түзеген талапшылдығынан танбас үшін оған не қажет? Сындарлы да, сарабдал саясат қажет.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президеттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі осындай жаңа, ауқымды, әлеуметтік жобаларға жол ашады.
Біз бүгін Үндеудегі екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» талаптары бойынша сөз қозғамақпыз. Қай кезде болмасын мемлекетті нығайтып, бекінісін бекем қалыптастыру, тұрғындардың өз отанында бақытқа жеткізетін болашағына берік сенімін қалау ең алдымен халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін тіктеуден басталады. Бұл жерде, әрине, қалыптағыдай күнкөріс деңгейі, ертеңгі күнге деген үкілі үміттің тіні биліктің есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарламасына да тікелей байланысты. Сондықтан да Елбасының көрегендікпен ұсынып отырған бұл бастамасы көптің көңілінен шығып, қызу қолдауға ие болып отыр. Мұны тарқатып айтсақ, төмендегідей: Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын.
Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек.
Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет.
Нәтижесінде еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнна астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады.
Президент Үндеуінің ел назарына ұсынылғанына бүгін 20 күн болды. Қамқорлықты қолдаған қараша халықтың үнқатуларынан ризашылықтың лебі еседі. Бұл бағытта ауданымызда қандай алғышарттар қолға алынуы тиіс? Нақтылы іс-қимылдардың қазіргі беталысын бағамдау үшін Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жеңіс Таласқа байланыспен тілдескен едік. Ол қарапайым жұртшылыққа түсінікті тілмен төмендегіше түсіндіріп өтті: Бұл жерде, ең бастысы ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салу ұйғарылып отыр. Яғни 9 пайыз өзіне табыс болып қосылып, 1 пайыз ғана салық ұсталады. Нақ бүгінгі күні ең төменгі есептік көрсеткіш 2405 теңге, оның 25 еселенген көрсеткіші, 2405х25=60,125 теңге.
Ал енді 2019 жылы бұл көрсеткіштің қалай құбыларына болжам жасау қиын. Ел экономикасының даму көрсеткіштерінің, инфлияцияның салдарынан бұны тұрақты көрсеткіш дей алмаймыз.
Президенттің бес әлеуметтік бастамасына орай келер жылы Заңға өзгерістер енеді. Салық кодексі сол заңдылықтар бойынша нақты жұмысқа көшеді. Мүмкін, ол кезде ең төменгі көрсеткіш 2405 емес 2500 болды дейік, онда ең төменгі айлық 62 мың 500 теңге болып, осы деңгейде жалақы алатын жұмыскерлерге 1 процентка ғана салық салынады.
  • Жалақысы аз халықтың басым көпшілігі – ауылда. Заңның іс жүзіне асуы аудан бюджетіне әсер етпейді ме? Салық түсімдері екі есеге дейін азайып кетпейді ме, бұл жөнінде пікіріңіз қандай?
  • 2017 жылы мемлекет қазынасына жеке табыс салықтан 914 млн 842 мың теңге қаржы жиналды. Президент бастамасының мақсаты – жұмыскердің жағдайын оңалтуға бағытталады. Алдағы уақытта оның салыққа төлеп келген жеке табысының 10 пайызының 9-ы қайтадан өз қалтасына түседі деген сөз. Ол оның күкөрісіне қажет айналымға түсіп, кәсіпкердің салығын салмақтатады. Сондықтан да аудан бюджетіне аса қатты зардап келмейді. Бұл жерде тағы да кәсіпкерлерге салықтан жалтармау талабы өзекті бола түседі, – дейді.
Сайып келгенде жалақысы аз әлеуметті қолдау ретінде тұжырымдалған жоғарыдағыдай көмектің көп жеңілдік екеніне ешкімнің дауы жоқ. Жұмыскердің жағдайын жалақыны арттырып та көп оңалтуға болады. Бірақ бас білмес алаудай ырыққа көнбейтін базар бағамы дегеннің жалақы көбейсе болды, бір күнде көтеріліп шыға келетінін көріп жүрміз. Мына тәсілде ондай жариялылық жоқ. Қысқасы, мұны жадаулау отбасыларына жым-жырт күйде, бірақ жып-жылы жақсылық боп енетін жарқын жоба деп ықыласпен қабылдаған жөн.
                                                                                                                             Б.ҮСЕЙІНОВА.
23 тамыз 2019 ж. 369 0