№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандықтар қосымша еңбекақы алатын болады

Қазақстандықтар қосымша еңбекақы алатын болады


Қазақстандықтар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 29 млрд теңге көлемінде қосымша еңбекақы алатын болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазадыStan.kz ақпараттық агенттігі.

2018 жылдың 5 наурызында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасы жарияланды. Бұл бастама бойынша Ұлттық экономика министрлігіне екінші бағыт, яғни «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» бекітілді.
Елбасының екінші бастамасына сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 125  теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылады.
Жалпы республикада мұндай еңбекақыны ауыл шаруашылығы және саудамен айналысатын 2 миллионнан аса адам алады. Бұл бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді.
Осы бағытта жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалды.
Мысалға алатын болсақ, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынады. Демек, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді.
2018 жылғы қарапайым мысал арқылы ЖТС ұсынылған есептеуді қарастырады.
Мәселен, жалақы айына 60 125 (25 айлық есеп көрсеткіш) теңгені құрайды. Осы сомадан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 6 013 теңгеге шегеріледі, сонда қалады – 54 112 теңге. Бұл сомадан 1 ең төмен жалақы – ең аз салық салынбайтын кіріс, яғни 28 284 теңге шегеріледі. Салық салынатын табыс – 25 828 теңге қалады. Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы 25 828 *10% = 2 583 теңге болады.
Ұсынылған тетікке сәйкес, салық салынатын табысының мөлшері 90%-ға төмендейді: 25 828 – (25 828*90%) = 2 583 теңге. Бұл сомаға жеке табыс салығының 10% мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады – 2 583*10% = 258 теңге.
Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендейді, ал жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі.
Аталған тетікті қолдану қызметкердің дереу және кепілдікті қосымша табыс алуын пайымдайды және жұмыс берушінің қаржылық жүктемесін ұлғайтпайды.
Сонымен бірге, жұмыс берушінің әкімшілік шығындары минимизацияланды. Жалпы республика бойынша жұмысшылар 29 млрд теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады. Ал аталған тетік 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс жасайтын болады.
10 шілде 2018 ж. 2 335 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 15:34
Canadian Express Phramcy Cialis Mg Precio prix du levitra medicament Cialis Verschreiben Lassen Direct Bentyl 20mg Buying Internet On Line

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 16:59
Levonorgestrel canadian cialis Generic Propecia Safe Buy Celebrex From Canada Acheter Cialis Sans Ordonnance Est