№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тарихыңды тану – өзіңді тану

Тарихыңды тану – өзіңді тану


Түркітанушы ғалым Қаржайбай Сартқожаұлымен бірнеше жыл бұрын кездескенде, «Жастарды империялық рухта тәрбиелеу керек», деген еді. Осы сөздің астарын, мәнін енді түсіне бастағандаймын...

Ғалым: «Кезінде Еуразия құрлығында екі үлкен империя болды. Нақты айтсақ, VІ–VІІ ғ.ғ. Көк Түрік империя мен Таң империясы. Түрік қағанаты Қытай мемлекетінің қалыптасуына әсер етті. Яғни Си мемлекетін құлатып, Таң елін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Сосын ұзақ уақыт бойы осы елден алым-салық жинап тұрды.
Сондай алып империя ретінде Алтын Орданы айтуға болады. Дешті қыпшақ мекенін мекендеген Шыңғыс хан ұрпақтары түркі жұртына қызмет жасады. Бір сөзбен айтқанда, түріктенген Алтын Орданы құрды. Империя Еуразиядағы шешуші рөлді атқарды. Салық жинап тұру мақсатында қазіргі Русь секілді мемлекеттердің құрылуына ықпал жасады. Демек, кезінде империя құрдық па, құрдық. Олай болса, жастарды «империялық рухта» тәрбиелеу керек, – деп еді.
Сөзінің жаны бар секілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Енді оны жүзеге асыратын өз-өзіне сенімді, өзін ешкімнің алдында қор санамайтын, білімді, білікті жастар емес пе? Ендеше жастардың бойына империялық рухты сіңіру уақыт талабы.
Мемлекет басшысы биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы деп жариялап, тарихты зерделеуге, тарихи сананы жаңғыртуға жол ашты. Демек «империялық рухты» сезінуге жол ашқандай...
 «Орхон-Енесей» мұраларын оқып жүрген түріктанушы Қ.Сартқожаұлы: – Қазақ тілі көне түркі тіліде қыпшақ тобына жататының дәлелдедік. Яғни, қазақ тілі  – көне тіл. Тіл үнемі өзгеріп, байып, дамып отырады. Сондықтан аздаған алшақтық болуы мүмкін. Оның үстіне, тіл қайта құру кезеңдерінде немесе тарихи бетбұрыс тұстарында өзгеріп отырады. Мысалы, мұсылман дінін қабылдаған кезде тілде көп өзгерістер пайда болды. Сол кезде терминдер өзгерді, фонетика өзгерді. Фонетика деген өзі қызық нәрсе. Өзге ұлт өкілдері қазақтың «ң», «ғ», «ә», «ұ» әрпіне тілі келмей жатады. Тілдің әртүрлі детальдары өзгереді. Артикулятциясы өзгереді. Бұл сыртқы сыйпатына, яғни түріне де әсер етеді. Бұдан бір жағынан тіл байыса, екінші жағынан өзгерістерге ұшырайды. Дегенмен түркі тіліне жақын сақталып қалған тіл –  қазақ тілі.
Оны Мұстафа Кемал Ататүрік парсы-арабтанған түрік тілін тілді реформалау кезінде қазақ тілінен көп сөздерді алған. Себебі қазақ тілі көне түкі тіліне ең жақын тіл екенін білген. Бір қызығы, Өзбекстанда Кәрімов деген ғалым комьпютер арылы қазақ тілі көне түркі тіліне ең жақын екенің делелдеді, – дегенінен қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінуге болады.
Сандаған тарихи өтпелі кезеңнен бүгінге аман жеттік. Енді «Мәңгілік Елге» айналу жолында тарихты тану арқылы – өзіңді тану керек секілді...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
30 қыркүйек 2018 ж. 1 490 0