Абд-Әл-Жалил баб – Хорасан ата кім болған?
Әбдіжалил баб немесе Хорасан ата кім? Әулие тұлғаның шыққан түп қазығы жөнінде ел тереңірек білу үшін мына деректерді келтірейік.
Әбдіжалил-баб – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сегізінші ұрпағы. Жетінші атасы Әзірет Әлі Пайғамбарымыздың немере інісі әрі күйеу баласы. Сол Әзірет Әлі мен Әнапиядан туылған ұл баланың есімі – Мұхаммед ибн Әл-Әнапия деп қойылған екен. Осы Мұхаммед Әнапиядан Абд-Әл-Фаттах туады. Абд-Әл-Фаттахтың баласы Абд-Әл-Жаппар, оның ұлы Абд-Әл-Қаһһар, оның ұлы Абд-Әл-Рахманнан Абд-Әл-Жалил баб туады.
Қазіргі Орта Азия мен Қазақстанға және Шығыс Европаға мұсылман дінін тарату үшін Әбді-Жалил баб, Арыстан баб, Ысқақ баб және Әбрахим баб бастаған топ жіберілген. Бұл кезде Әбді жалил баб Иеменнің патшасы екен. Олар өздерінің қол астындағы әскерімен жер-жерде мұсылмандық билігін орнатады. Әбдіжалил баб Шаштан Баршынкент, Жаркент, Жалтырсек елдеріне барды. Ислам дінін уағыздап, соғыссыз мұсылман дініне кіруге насихат жүргізеді. Көнбей, қарсылық көрсеткендерге майдан ашып, Ирандағы алынбас қамал-Хорасанға шабуыл жасап, жеңіске жетеді. Содан соң Термез, Бухара және Самарханд елдеріне аттанып, түгел жеңіп, мұсылмандықты мойындатады. Әбдіжалил баб Жент қаласына келеді. Қылыш Қарахан деген патша билейтін. Оның екі ұлы бар еді. Бірінің аты Сарықтонды Өтеміс хан еді. Бір өзі жүз ерге қарсы тұрған батыр болған екен. Олар күшті қаруланған қолмен қарсы тұрып, Әбдіжалил бабқа қарсы тұрады. Өліспей-беріспегенмен Әбдіжалил бабқа шамасы келмейді. Енді ол айлаға көшеді. Жансызын жібереді. Бұл бір мүсәпір әйел кейпінде аяушылық тілеп, бабтың үй-ішіне қызмет қылуға жалданады. Әбден сеніміне еніп, енді бабтың әйелінен сыр тартады. Бұл не сыр?
Әулие бабамыздың құдырет дарытқан ерекше қасиеті бар еді. Денесіне оқ өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін. Тек батыр бамдат намазында бүкіл жан-тәнімен Жаратушыға сыйынып, жанарынан ыстық жас парлағанда денесі қорғасындай балқыр еді. Оның бұл қасиетін өз әйелі де білмейтін. Ал әлгі қаскөй кемпір әйелді азғырды: «Күйеуің сені жақсы көрмеген соң сырын да құпия ұстайды. Әйтпесе сізден несін жасырады? Пенде емес пе, бұл сөзге шамданған бибінің көңілін жықпай ері сырын ашып салады.Кемпірдің де мақсаты орындалып, бұл құпияны Сарықтонды Өтеміс қалмақтың еліне жария етеді. Содан күндердің күнінде, таң алдында «Тотықұс» аралындағы қамалға келіп, намазға ұйып отырған Әбдіжалил баб пен оның елін түгел қырып салады. Мұны естіген Қарғалыққа патшалық құрып отырған інісі Ысқақ баб ағасының денесін еліне жеткізе алмай, «Тотықұс» аралына әкеп жерлейді. Ысқақ баб 30 мың әскерімен барып Қылыш ханмен соғысады. Сарықтонды Өтемісті қолға түсіреді. Бұдан кейін Ысқақ баб Түркістан уәлаятына ислам дінін таратуға келеді. Түркістан халқы қарсыласпай-ақ ұрыссыз қақпаларын ашып береді. Бұл жерде 80 жыл өмір сүріп, патшалық етеді.
Негізінен, Қорасан Атаның 3 түрлі қасиеті болғандығы һақ. Біріншіден, мұсылман дінін таратушы оқымысты, ғалым болған. Сондай-ақ жоғары білікті әскери қолбасшылық, батырлық қасиеті арқылы екінші қырын танимыз.
Ол сонымен қатар ағартушылық қызметпен айналысқан. Өзі жүріп, мекендеген жердің бәрінде де мектеп ашып, халықты сауаттандырған.
Мұсылман халқын ұйымдастырып, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеген. Үшінші қасиеті – емші болған. Сол тұста ел арасына кең тараған қорасан індеті – шешек ауруының емін тапқан. Бұл індетке қарсы уыт (вакцина) ойлап шығарып, күллі елді сауықтырған. Жау қолынан ерте шейіт болған Әбдіжалил бабтың басына айналадағы елі үлкен күмбез тұрғызған. Күмбез ғасырлар бойы жаңартылып, күтімге алынып отырған.
– Әбдіжалил бабтың білім ұшығына жеткен ұрпақтары көп еді, – дейді баба ұрпақтарының бірі, ауданның Құрметті азаматы Бабқожаұлы Ибаділла, – Соның бірі – Хусейн екен. Ол жұма күні азанғы баидат намазын оқып тұрғанда бабаның ғайып болатынын сезіп жүретін. Бір күні себебін сұрағанда желдей ұшатын ақ маямен Мекке Мединаға жетіп, бамдаттың екі бас парызын сонда аяқтаймын деген екен.
Тағы бір күні ұлы Хусайн әкесінен рұхсат етсеңіз қағбатілләні осында көшіріп әкелейін дейді. Сынамақ үшін рұхсат береді. Сонда баласы кереметпен Қағбаны аспан арқылы көшіріп әкеледі. Бұны көрген Баб баласының іліміне риза болып, бірақ баласына қағбатілпаны орнына апарып қой дейді. Оның көлеңкесі сызылып, алынып орнына серігін соқтырады.
Ел ішіндегі әңгіме бойынша кезінде Қожахмет Яссауидің өзі ораза, құрбан айт намаздарын осында келіп өткізіп жүріпті. Қорасан Атаға зияратқа барғанда: Бабам Қорасан, келдім арасан. Рақым ете гөр, Бабам Қорасан, – деп жалбарынып, дәремет сұрайды екен. Содан бері Қорасанның басына сан ғасырлар бойы қаншама ұрпақ келіп, түнеп, сыйынып, бірі ауруынан айықса, екіншісі перзент тілейді.
Тарихи – мәдени мұра объектілерін пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдеде Үкімет қаулысы қабылданып, жанды жұмыстарға жол ашты. Кеңес үкіметі тұсында көзден таса, көңілден тыс, ессіз далада қаңырап қалған қасиетті орындар қамқорлыққа алынды. Солардың қатарында Хорасан – Ата мазаратына да қайта реставрациялау жұмыстары жүргізілді. 1992 жылдан бастап тас жол төселді. Осы жылдары баба кесенесі басына шырақшы болып барған Әбітаев Нұрқожа ақсақал зиярат етушілер демалатын алты бөлмелі үй және асхана салдырды. 1995 жылы бабаның 1100 жылдығына арнап ас берілді. Оған 7 мыңдай халық жиналды. Осы жылдары ауданды басқарған И.Әбибуллаев, М.Исмайловтар игі іске көп демеу көрсетті. Аудандағы түрлі саланың жауапты қызметкерлері Сәулебек Дүйсебеков, Өмірсерік Тақырбасов, Амангелді Абдуллаев, Есалы Тұрсынбаев, Тұрсынхан Құрманбековтердің қызметтік қолдау-көмектері ересен.
Кейін баба кесенесінің кірпіштерін қайтадан жаңалап, қос күмбезді орнатуда хорезмдік ұсталар шақырылды. Бұл құрылыс жұмыстарына Өзбекстанда басшылық қызметте жүрген Изатулла Шарипов тікелей демеушілік жасады. Сонымен қатар ел билігінде жүрген белді тұлғалар Бердібек Сапарбаев, Әлихан Бәйменов, Алтынбек Шоманов сынды ағаларымыз бас-көз болып, жанашыр қолдау танытты.
Бүгінгі күн Қыркеңседен баба мешітіе дейінгі аралыққа тас төселген.
Ия, әулиені пір тұтып, құрметтеген қор болмайды. Маңдайына құт қонып, болашағына жол ашылады. Әулие-бабадан тараған із-ұрпақтары бойында ұлағаттылықтың ұшқыны сөнбей, жалғасып жатса ол да заңдылық.
2006 жылға дейін баба кесенесін күтіп баптап отырған ұрпақтарының бірі, шырақшы Әбітайұлы Нұрқожа ағамыздың орнында қазір ұлы Мейрам отыр. Әкесін жер қойнына беріп, садақа асын берген күні ол түсіне енді: «Тұр, белді бекем бу, жұмысымды жалғастыр» деді. Бір күні тағы аян берді: «Кесене жанында пәлен қадам жерде алтын жатыр, қазып ал». Айтылған жерді ашып көрді: өте көне құран кітаптарын тауып алды. Бұл алтыннан да қымбат қой.
Жаһандану талабы қоғамымыздың жан-жақты дамып, заманмен бірге жаңғыруын көздейді. Ал биік руханияттың қазығы саналар – қасиетті орындарға тәу ету арқылы тарихты тірілтіп қана қоймаймыз, Мәңгілік деген ұғымның мазмұнына терең қаныға түсеміз. Адамзатқа тура жолды нұсқайтын ақиқаттың шырақшылары арада неше ғасыр өтсін мейлі тектілік пен тазалықтың айнымас тұғыры болып қала береді.
Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты Жолдауында: «Туған жердің сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс»деп атап көрсетті. Бұл ұлан байтақ қазақтың жерінде мызғымастан сақталып келе жатқан киелі ескерткіштерге де байланысты.
Бұл қасиетті орындардың қадіріне жеткен жер шалғайлығына қарамай тұс-тұстан ағылып жатады. «Қорасанға қой айтып» деген бағзы ұғым да бағасын жоймаған. Құдыреттің шын сүйген әзиз тұлғасының басына кеп, тілек тілеу арқылы жаратушыға жақындай түсуге таза көңілмен ниеттенгеннің тәубасы қабыл болып, қайырға қауышып жататындар қаншама. Шындығында, адамдар шынайы тазарып, тарыққан көңіліне таудай қанат байлап қайтар қасиетті орынды талап деңгейінде ұстап, киесіне кір жуытпау бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Бабалар мекені – ізгі амалға ұмтылған барша мұсылманды мейір-шапағатқа бөлер ортақ бесігі. Одан әркім өз үлесін ала алады. Сәулелі нышанды кейде көзбен көріп, жүрекпен сезінуге де болады. Бірақ оны жар салып, жариялауға асықпаңыз. Ол – Құдырет пен құлы арасындағы бір сыр болып қалуы тиіс. Пайым, құлшылығыңыз қабыл болсын.
Баян ҮСЕЙІНОВА.

Пікір 3